Ақтауда дәрілеуден кейін 6 жасар баланың қайтыс болуына байланысты ешкімді ұстамады

Ақтау. 31 қаңтар. ҚазТАГ - Ақтауда дәрілеуден кейін 6 жасар баланың қайтыс болуына байланысты ешкімді ұстамады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тергеу амалдары жалғасуда, әзірге ешкімді ұстамады», - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінен (ПД).
Қаза болған баланың көршілерінің айтуынша белгісіз дәрі сатып алынған сауда нүктелері тексерілуде.
«Пәтерлерде сынамалар алынды. Барлық үш пәтер қазір кілттеулі. Тұрғындардың бірі қандаланы улаған затты анықтау мүмкін болмады, себебі пәтер иесі оның атын білмейді, ал қорабын лақтырып тастаған. Қандаланы жеке кәсіпкерді шақыртып улаған екінші пәтер иесі «Агран» дәрісін қолданған. Ол сертификатталған, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген, улы емес, «болмашы ғана әсері бар» топқа жатады», - деп хабарлады Маңғыстау облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен.
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының директоры Камшат Тұрсынбекованың айтуынша, қайтыс болған ағаларымен бірге токсикологиялық улану белгісімен ауруханаға түскен екі баланың жағдайы жақсарған. Қазіргі таңда төрт және бес жастағы балалар ауруханадан шығарылған.
Еске салсақ, 30 қаңтарда Ақтауда көршілерінің қандаланы улауынан кейін 6 жасар баланың қайтыс болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған еді.

adimage