Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ – Ақтауда жазасын өтеуден қашқан сотталушы ұсталды, деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігі (ІІМ) қылмыстық атқарушы жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметінен.
«Ақтауда қауіпсіздігі төмен мекемеде (ГМ-172/8, қоныс колониясы) жазасын өтеуден бас тартып, қашып кеткен ұрлық жасағаны үшін сотталған 29 жастағы азамат ұсталды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Ақпарға сәйкес, 10 ақпан кешкісін ГМ-172/8 мекемесінің қызметкерлері Ұлттық гвардия және Маңғыстау облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде М.Бердиев қаладағы шағын аудандардың бірінде ұсталды
«Қазіргі уақытта сотталушыға қатысты ҚР ҚК 427-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол түзеу мекемесіне оралмағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген баспасөз парақшасында.
Еске салсақ, 2019 жылдың 4 ақпанында жазасын өтеуші М.Бердиев «Еңбек-Ақтау» РМК-дағы жұмыс орнынан қашы кетіп, қауіпсіздігі төмен мекемеге қайта оралмай, оған іздеу жарияланған.
Ақтауда іздеу жарияланған сотталушы ұсталды
