Алматы. 12 маусым. ҚазТАГ – Ақтауда Каспийге лас судың ағуының кезекті дерегі тіркелді, деп хабарлады «Лада».
«Кугерлер суқашыртқы арнасынан лас судың «Сарбаз» жағажайына кезекті рет ағуын видеокамераға түсіріп алған», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, 10 мамырда Ақтау тұрғындары Каспий теңізіне лас судың ағып жатқанын видеоға түсіріп алған болатын. Кейін Сарбаз жағажайы маңында лас судың ағуына «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» түсінік берген еді. Каспийге лас судың ағуына кінәлі табылды – «Юарана» ЖШС. Кейін экологтар қоршаған ортаға келтірілген шығын Т1,7 млн. деп бағалауда.
Ақтауда Каспийге лас судың ағуының кезекті дерегі тіркелді (видео)
