Ақтауда Lexus көлігі аударылып, жүргізушісі мерт болды

Алматы. 1 маусым. ҚазТАГ – Ақтауда Lexus көлігінің қатысуымен адам өлімі болған ЖКО орын алды, деп хабарлады «Лада».
«Lexus ES300 көлігінің 23 жасар жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, аударылып кеткен. Оны облыстық ауруханаға жеткізген, алайда ол есін жимастан көз жұмды», - деп хабарлады дүйсенбіде Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Хабарда нақтыланғандай, ЖКО 1 маусымда сағат 03.20 шамасында 13 ықшамауданда болған.

adimage