Ақтауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік туризм жобасы таныстырылды

Ақтау. 24 тамыз. ҚазТАГ – «Рада-Ақтау» қоғамдық қоры мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік туризм жобасын таныстырды, деп мәлім етті қор жетекшісі Раиса Доронина.
«Жоба тұрмысы төмен отбасыларының мүмкіндігі шектеулі 64 баласына арналған. Танымдық экскурсияларға шығу сауықтыру үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады. Әлеуметтік туризм мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға интеграциялаудың маңызды қыры болып табылады», - деді Р. Доронина дүйсенбі күні жобаны таныстыру барысында.  
Сонымен қатар ол шілде-қыркүйекке есептелген жеті экскурсияның екеуі өткізілгенін айтты.
Өз кезегінде таныстыруға қатысқан ҚР инвестициялар және даму министрлігінің өкілі Қасиет Омарова әлеуметтік туризм жөніндегі курсты арнайы орта және ЖОО мекемелерінің оқу бағдарламаларына енгізу мәселесін білім министрлігінің қарауына шығаруды ұсынды.
«Туристік бизнес өкілдері арнайы көлік сатып алу туралы мәселені, ерекше балалармен жұмыс істеуді ойланғаны жөн. Мүгедектігі бар туристерге, олар ата-аналарынсыз да саяхттай алулары үшін, қызмет көрсету стандарттарын жасау абзал», - деді Қ. Омарова.    

adimage