Ақтауда сұйытылған газ бағасы қайтадан көтерілді

Күні: 15:08, 22-10-2014.

Ақтау. 22 қазан. ҚазТАГ – Ақтауда сұйытылған газ бағасы қайтадан көтерілді, жекелеген газ құятын стансаларда оның бағасы 1 л-не Т45-ке жетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Қазір облыс әкімшілігінде АЖҚС иелерімен кеңес өтуде. Еске салсақ, қазан айының басында Ақтаудағы газ құятын стансаларда 1 л газдың бағасы Т50-ге дейін көтерілген.
Газ бағасына қатысты ахуал ай басында газ құятын стансаларға облыс әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев бастаған жұмыс комиссиялары инспекциямен барған соң, реттелген. Ол кезде газ бағасын 1 литріне Т37-ге дейін түсіру мүмкін болған.
Ол кездегі газ бағасының көтерілуінің себебі Қазақ газ өңдеу зауытында (ҚазГӨЗ) 4-8 қазан аралығында жөндеу жұмыстары жүргізілуімен байланыстырылған. Газ зауыттан жіберлгенімен оның көлемі аз болғандықтан ол дүрлікпеге ұласып, газ бағасының көтерілуін тудырды. Сол кезде ҚазГӨЗ басшылары газ бағасының қымбаттауына алғы шарттар жоқ және болмайды деген болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: