Ақтауда сұйытылған газ бағасы бұрынғы, литріне Т37 деңгейіне қайта түсті

Күні: 19:19, 08-10-2014.

Ақтау. 8 қазан. ҚазТАГ – Ақтауда сұйытылған газ құятын станса (АГҚС) иелері газ бағасы Т50-ден бұрынғы Т37-ге қайта түсірді, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Ақтауда сұйытылған газ құятын стансалардағы баға көтерілді деген хабар алысымен облыстық әкімшілікте жұмыс комиссиясының шұғыл отырысы өтті. Одан соң комиссия өкілдері газ құятын сатнсаларға барғанда станса иелері бұрынғы бағаны қайтадан, литріне Т37-ден қойыпты», - деп хабарлады сәрсенбі күні ҚазТАГ тілшісі.
Қалалық кәсіпкерлікті қолдау бөлінімінің бастығы міндетін атқарушы Қанат Нұрсұлтановтың айтуынша, негізгі себебі ҚазГӨЗ-де (Қазақ газ өңдеу зауыты – ҚазТАГ) 4-ші қазан мен бүгінгі күнге дейін жөндеу жұмыстарының жүргізілуінде болып отыр. Газ құйып тұрған, бірақ аз көлемде, сол себептен осыншама дүрлікпен туындады. «Біз кәсіпкерлермен сөйлесіп, шұғыл шаралар қабылдаған соң сұйытылған газ бағасы стансаларда бұрынғы, литріне 37 теңге деңгейіне қайта түсті. Біз күніне екі рет газ құятын стансалардағы газ бағасына мониторингі жасап отырамыз. Қандай да газ құятын стансада газ бағасы көтерілсе, біз оған жол бермейміз. Бүгінге 5 АГҚС газ бағасын көтерді. Кешке қарай жағдай тұрақталып, газ бұрынғы литріне Т37-ден сатылатын болады», - деді ол.  
Одан басқа, бүгін ҚазГӨЗ өкілдерімен және Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашевпен брифингі өтеді.
Еске салсақ, бүгін таңертең Ақтаудағы сұйытылған газ бағасы литріне Т50-ге дейін көтерілген болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: