Aқтау. 8 қазан. ҚазТАГ - Ақтауда сұйытылған газ бағасының көтерілуі «ҚазГӨЗ» (Қазақ газ өңдеу зауыты - ҚазТАГ) ЖШС жоспарлы жұмыстарына байланысты болды, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев.
«Біз талдау жүргізіп, бағаның өсу себебін анықтадық. Біз оны 4 қазаннан бастап ҚазГӨЗ зауытының жұмысында болған шектеулермен байланыстырып отырмыз. Бұл жоспарлы жөндеу жұмыстарымен байланысты болды. Газ сатуды олар тоқтатқан жоқ, тек шектеулі көлемде ғана жіберіп отырды. Бүгін олар жұмыстарын аяқтауда және ертеңнен бастап толық қуатта жұмыс жасайтын болады», - деп мәлім етті С.Алдашев сәрсенбідегі брифингте.
Оның айтуынша, жұмыс тобы Ақтаудағы АГҚС-ға мониторинг жүргізуді жалғастырады. «Газ бағасы көтерілмейді», - деп уәде берді әкім орынбасары.
«ҚазГӨЗ» ЖШС директорының м.а. Нақберген Түлеповтың ақпарынша, мамырда зауытта 10,2 мың тонна газ, маусымда 10,7 мың тонна, шілдеде - 10,8 мың тонна, тамызда - 11 мың тонна және қыркүйекте 10,2 мың тонна газ жөнелтілген.
«Жалпы, жөнелту тұрақты. Тамызда бағаны тұрақтандыру бойынша штаб жұмысының арқасында барынша көп жөнелтілді. Иә біз жыл сайын жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргіземіз, дегенмен кәсіпкерлер үшін ешқандай шектеулер болған жоқ», - деп мәлімдеді Н. Түлепов.
Оның айтуынша, жөндеу жұмыстарына дейін зауыт тәулігіне 330-340 тонна газ жөнелтіп отырған.
«Бұл күндері де біз тәулігіне 310 тонна жөнелтуді жалғастырдық. Кәсікерлерде бағаны көтеруге деген ешқандай алғышарт болмау керек, себебі бірінші қазаннан бастап зауыт көтерме бағаны түсірді. Егер бұрын біз литрін 19,35 теңгеден сатсақ, қазір 15,8 теңгеден сатып жатырмыз. Сондай-ақ жұмыс уақыты да ұзартылды, қазір біз таңғы 7-ден кешкі 7-ге дейін жұмыс жасаймыз» - деді ол.
Еске салсақ, 7 қазандағы жағдай бойынша жұмыс тобы Ақтау бойынша кейбір АГҚС-да бағаның литріне Т40-тан Т50-ге дейін көтерілгенін байқаған. Жұмыс тобының жедел әрекеттерінің арқасында газ құю бекеттеріндегі жағдай реттелді.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еурокомиссармен кездесті9 Маусым 2023, 17:43
-
Тоқаев Босния және Герцеговина президиумы төрағасымен кездесті9 Маусым 2023, 17:07
-
7 млрд теңге айыппұл салынған Air Astana мемлекетті заң бұзды деп айыптады9 Маусым 2023, 16:49
-
Air Astana Т7 млрдқа жуық айыппұл салынды9 Маусым 2023, 16:30
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстандағы ыстық қысқа уақытқа шегінеді9 Маусым 2023, 15:43