Ақтауда сарбаз менингиттен қаза тапты

Күні: 13:02, 15-10-2018.

Алматы. 15 қазан. ҚазТАГ – Ақтауда сарбаз менингиттен қаза тапты, деп хабарлады Inaktau.
«Ол 14 қазанда сағат 09.30-да қаза тапты. Мерзімді қызметтегі сарбазға өлер алдында қойылған диагноз - вирусты-бактериологиялық этиологияның өткір іріңді минингоэнцефалиті», - делінген жексенбіде Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасалған хабарда.  
Еске салсақ, 30 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар орталығының жан сақтау бөліміне менингококты инфекция болуы мүмкін деген күдікпен түскен.  Соған байланысты Ақтаудағы әскери бөлімнің 355 адамы санитарлық дәрігерлер бақылауына алынды.  
4 қазанда Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова мерзімді қызметтегі сарбаздан іріңді менингит анықталғанын жеткізді.  
Кейін 9 қазанда Маңғыстау облыстық ауруханасынан жас жігіттің жағдайының ауыр екені және әлі комада жатқаны хабарланды. Сол күні ауруханадан тек ЖРВИ анықталған №6656 әскери бөлімінің алты сарбазы шығарылды.  


Жаңалықтармен бөлісу: