Ақтауда әскери қызметкер өзінің екі қызметтесін өлтіргені үшін 23 жылға сотталды

Күні: 13:01, 28-10-2014.

Актау. 28 қазан. ҚазТАГ – Ақтауда өзінің екі қызметтесін өлтірген деп айыпталған теңіз жаяу күштерінің жауынгеріне қатысты үкім жарияланды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Әскери сот судьясы Асқар Қайыров айыпталушыны мүлкін тәркілеп, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтетіндей етіп 23 жылға соттады. Одан басқа, айыпталушы өлгендердің отбастарына моральдық шығын ретінде 8 млн теңге айыппұл өндіріп беруіге міндетті», - деді агенттік тілшісі сейсенбі күні.
Хабарда атап көрсетілгендей, сот үкімін шығаруды, басқаға үлгі болсын деп, ашық түрде, Ақтау әскери гарнизонының жауынгерлері мен офицерлердің алдында өткізді.
Еске салсақ, биылғы 2 мамырда Ақтаудағы 4-ші ықшамаудандағы бір үйдің пәтерінен екі жауынгердің өлі денелері табылды. Мұның алдында көршілері бұл пәтерден түтін шығып жатқанын байқаған. Кейін анықталғандай, бұл жауынгердің қызметтесі алдымен осы жауынгерлерді өлтіріп, кейін ізін жасыру үшін пәтерді өртеп жіберген.
Қаза болған жауынгерлер келісімшарт бойынша №25744 әскери бөлімшедегі Қазақстандағы жалғыз әскери теңіз жаяу әскерлері бригадасында қызмет атқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: