Ақтауда тенис орталығының құрылысын аяқтауға Т500 млн бөлінді

Ақтау. 10 тамыз. ҚазТАГ – Ақтауда тенис орталығының құрылысын аяқтауға Т500 млн бөлінді, деп мәлім етті Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.
«Ақтауда тенис орталығының құрылысын аяқтауға жергілікті бюджеттен Т518,9 млн бөлінді. Тенис орталығының құрылысын биыл аяқтау жоспарлануда. Жоба бойынша орталықта бес корт, оның ішінде екі жабық корт қарастырылған. Бір корт трибуналарымен жарыс өткізу үшін, екіншісі – жаттығуға арналған», - деді А. Айдарбаев дүйсенбі күні.
Бұдан бұрын дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Сергей Пахомов мәлім еткендей, тенис кортында балаларға арналған тегін секциялар қарастырылған.
Еске салсақ, тенис кортының құрылысы 2011 жылы басталған және 2012 жылы аяқталуы тиіс болатын. Нысанға шамамен Т800 млн бөлінген. Нысан қаржы тапшылығынан ұзақ салынды. Кейін орталық жобасы әлемдік стандарттарға сай қайта жасалды.

adimage