Ақтаудағы балабақшаларда 10,8 мың бала тәрбиеленіп жатыр, 13 мыңдайы кезекте тұр

Күні: 13:04, 31-10-2014.

Ақтау. 31 қазан. ҚазТАГ – Ақтаудағы балабақшаларда 10 825 бала тәрбиеленіп жатыр, қалған 13 мыңдай бала кезекте тұр, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.  

Балабақшалардағы орынның жетіспеушілігі қалалық прокуратура жанындағы қоғамдық кеңес отырысының талқыланды.  

«2013 жыл мен ағымдағы жылдың 9 айында прокуратураға ақтаулықтардан 3627 арыз түсті, оның ішінде 1700-і әлеуметтік-экономикалық салаға қатысты.   Мыңға жуық арыз мектепке дейінгі мекеме басшыларына арналған.  Ақтау тұрғындары балаларын балабақшаларға жылдап орналастыра алмайтындарына шағымданған. Арыз саны ағымдағы жылдың жазында артып кетті», - деді Ақтау прокуроры Талғат Әлібаев.
  
Балабақшалардағы орын жетіспеушілігі жағдайын қалалық әкімдікте былайша  түсіндірді.  

«Маңғыстау қала халқы санының өсімі бойынша бірінші орында. Халық саны, соның ішінде мектепке дейінгі жастағы балалар саны ай сайын өсуде, осыдан келеді де топтар толып қалады. 280 бала болу керек жерде 320, тіпті одан да көп бала жүр.  Балабақша қызметкерлерінің өз балаларын орналастыруы да оған себеп болып отыр. Дегенмен, біз оларға бас тарта алмаймыз, себебі олар мұнда ондаған жыл бойы жұмыс жасап келеді. Оның үстіне бізде кадр жетіспеушілігі де бар. Қазір айына 25-30 мыңға жұмыс жасағылары келетіндер аз. Ал тәрбиешілердің көмекшілерінің алатын жалақысы осынша ғана, олар ең болмаса балаларының балабақшаларға орналасқанына көңілденіп жүреді», - деп санайды қала әкімінің орынбасары   Рахат Елтізаров.

Қоғамдық кеңес отырысында сондай-ақ, балабақша тәрбиешілерінің қауіпсіздік мәселесі де көтерілді. Білім саласы қызметкерлерінің айтуынша, қазір балабақшалар камерамен жақсы жабдықталған, бірақ жүз пайызға емес.  Ақтау прокуроры балабақшалардың техникалық тұрғыдан жабдықталуын учаскелік полиция инспекторының қатысуымен қарастыруды ұсынды.  

2012 жылдың ақпанында қалалық білім бөліміне барлық мектепке дейінгі білім беру мекемелерін бейнебақылау жүйесімен жабдықтайтындарын мәлімдеген еді. Ол үшін жергілікті бюджеттен Т50 млн бөлінген.  


Жаңалықтармен бөлісу: