Ақтауда ықшамауданды абаттандыруға Т1,5 млрд бөлінген

Күні: 13:42, 13-09-2018.

Алматы. 13 қыркүйек. ҚазТАГ - Ақтауда ықшамауданды абаттандыруға Т1,5 млрд бөлінген, деп хабарлады Inaktau.kz.
«18 ықшамауданын абаттандыру жұмыстарына  ықшамауданның ішкі инженерлік желілерінің – жылу, су және кәріз құрылыстары кіреді. сонымен қатар, автожолдар, тротуарлар салу және жол маңы аумақтарын абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.  Осының барлығына қала бюджетінен 1 млрд 423 млн 441 мың 280 теңге көлемінде қаржы бөлінді», - делінген бйесенбідегі хабарда.  
Хабарда нақтыланғандай, ықшамауданға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге  Ақтау қалалық құрылыс бөлімі тендер жариялады.  
«Мердігер осы жылдың қыркүйек айының соңында анықталады», - делінген хабарда.  


Жаңалықтармен бөлісу: