Ақтаудағы театр фестивалінің жеңімпаздары Т1 млн сыйақы алады

Күні: 16:38, 26-10-2014.

Ақтау. 26 қазан. ҚазТАГ – Орталық Азия елдерінің V халықаралық театр фестивалінің жеңімпазы Т1 млн гран-при жүлдесін Маңғыстау облыс әкімінң атынан алады.
«Театр өнерінің фестивалі – бүкіл Оратлық Азия үшін айтарлықтай оқиға. Оны өткізіп отыру біздің мемлекеттер арасындағы достық пен мәдени байланыстарды одан ары нығайтуға, театр өнерінің дамуына септігін тигізетін, сахна шеберлерінің жақындасуы мен өсуіне бағытталған жақсы дәстүрге айналды. Жеңімпаз Т1 млн алады», - деді Маңғыстау облысының әкім орынбасары Бану Нұрғазиева сенбі күні фестивальдың ашылуында.
Бұл ретте ол гран-при ең үздік спектакль үшін берілетінін айтты. ҚР халық әртісі Талғат Теменов бастаған әділ қазылар алқасы атап кеткендей, фестиваль қорытындысы бойынша ең үздік спектакльге, режиссураға, ерлер мен әйелдердің роліне, заманауи драмалық шығармаға, және дебютке театр сыйлықтарын тапсыру жоспарлануда.
Бұрын хабарланғандай. Фестивальге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Башқұртстан мен Тәжікстан театр ұжымдары қатысуда.


Жаңалықтармен бөлісу: