Ақтаудағы «Ынтымақ» алаңында су бұрқағы кешенін орнату жоспарлануда

Ақтау. 12 қазан. КҚзТАГ – Ақтаудағы «Ынтымақ» алаңында су бұрқағы кешенін орнату жоспарлануда, деп хабарлады қаланың құрылыс бөлімінен.  

«Ынтымақ» алаңындағы Құрманғазы Сағырбайұлы ескерткіші айналасын абаттандыру» жобасын мемлекеттік сараптама бекітті. Мемлекеттік сатып алу порталында конкурсқа қатысуға тендер жарияланды. Конкурсқа қатысу өтінімдерін қабылдау ағымдағы жылдың 13 қазанында аяқталуы керек. Жоба құны 177,848 миллион теңге», - деп хабарлады дүйсенбіде ведомстводан.  

Сонымен қатар Құрманғазы Сағырбайұлы ескерткіші маңын абаттандыру жобасын қалалық мәслихат та бекіткен.  

«Су бұрқағы кешені үш су бұрқағынан тұрады. Құрылыс конкурс аяқталғасын және мердігер анықталғасын басталады», - деп атап өтті қалалық құрылыс бөлімінен.  

adimage