Ақтау. 23 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақтауда әйелді жасөспірімнің бірнеше мәрте көлікпен басып өту ісі бойынша тергеу амалдары басталды, деп хабарлады «Лада».
«Аталмыш дерек бойынша сот-медициналық cараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша әйелдің денсаулығына аса ауыр зардап келтірілген. Аталмыш жағдай ҚР ҚК 345 бабы 2 бөлімі (жол қозғадысы ережесін бұзу), 349 бап 2 бөлімі бойынша (жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушінің көлікті басқаруға жол берілуі) сотқа дейінгі тергеу амалдарының біріңғай тізіліміне (СТБТ) енгізілген», - деп хабарлады сәрсенбіде өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Хабарда нақтыланғандай, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұған дейін зардап шегушінің қызы БАҚ-қа жасөспірімнің анасын көлікпен үш рет қағып өткенін, соңғы рет оны көлік доңғалағының астында қалдырғанын айтқан еді. Зардап шегушінің бес қабырғасы сынған, өкпесіне зақым келген және сіңірі үзілген.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07