Ақтауда жұмыспен қамтудың жоғары көрсеткіші байқалуда - экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың 94,3%

Ақтау. 28 қыркүйек. ҚазТАГ - Ақтауда жұмыспен қамтудың жоғары көрсеткіші байқалуда -  экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың 94,3%-ы, деп хабарлады қалалық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Гүлнар Хайрлиева.

«Ақтауда 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыспен қамту органында 995 жұмыссыз тіркелген. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар  - 418 адам», - деді Г. Хайрлиева дүйсенбіде.

Г. Хайрлиева Ақтауда жұмыспен қамтудың жоғары көрсеткіші байқалуда деп атап өтті, экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың  (106 931 адам) 94,3%-ы немесе 100 883 адам. Жұмыспен қамтылғандар құрылымында жалданып жұмыс жасау жоғары болып тұр   - 87,7% немесе шамамен 94 мың адам. Негізінен өз-өзін еңбекпен қамтылғандар саудада жұмыс жасайды.  

«Жұмыссыздар саны 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 6048 адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамту органына жүгінгендер 2185 адам, бұл былтырғыдан  66%-ға жоғары. Олардың арасында жұмысқа орналасқандар 1257 адам немесе 57,5%», - деді Г. Хайрлиева.

Әлеуметтік бағдарламалар және жүмыспен қамту бөлімінің басшысының айтуынша, биыл «Өрлеу» жобасы бойынша жұмыс жасау басталған, аталмыш жоба отбасыны белсенді ету мақсатында әлеуметтік мәміле аясында аз қамтылған отбасыларға ақшалай көмек беруді қарастырады. Яғни ол отбасының әр жұмысқа жарамды мүшесі мемлекеттен негізделген көмек ала отырып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасына қатысу міндетін алады.
  
«Осылайша отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмысқа тұрып, аз қамтылған отбасы санатынан шығады. Қазіргі таңда жергілікті бюджеттен осы мақсатқа 18 миллион теңге бөлінген. Жобаға бес аз қамтылған отбасы қатысты, 225 отбасыға кеңес берілді», - деп атап өтті ол.

Тұрғындарды жұмыспен қамту үшін Г.Хайрлиеваның айтуынша, 2015 жылдың алғашқы жартыжылдығында Ақтауда 3810 жұмыс орны құрылған. 2015 жылы қалада жүзеге асырылғалы жатқан инфрақұрылым жобаларында тағы 981 жұмыс орны ашылады, оларға жұмысқа қамту орталығының жолдамасымен 734 адам жұмысқа орналасатын болады.    

adimage