Ақтауда жаппай төбелес дерегі бойынша жеті адам ұсталды

Алматы. 21 қараша. ҚазТАГ - Ақтауда жаппай төбелес дерегі бойынша жеті адам ұсталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жаппай төбелестің (видеоға түскен – ҚазТАГ) жеті қатысушысы ұсталды. Олар қазіргі таңда Ақтаудағы полиция басқармасында (ПБ). Орын алған оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді бейсенбі күні Маңғыстау облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
lada.kz ақпарынша, кадрлар алдын-ала болжам бойынша Мұнайлы ауданында түсірілген.
«Видеода оннан астам жас бала бір жігітке жабылып жатыр», - делінген хабарда.

adimage