Ақтауда жастар орталығы ашылды

Ақтау. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақтауда жастар орталығы ашылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Сіздер осында достарыңызбен жиналып, танысып, уақыттарыңызды жақсы өткізе аласыздар. Бұл ретте көркем суретпен, қол өнерімен, бимен де айналысуға болады. Біз жастарға кез-келген үйірменің тегін өткізілетін айтқымыз келеді. Басты талап- жастардың салауатты өмір салтын ұстануы», - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева жұма күні.  

Сондай-ақ жастар орталығының ашылу салтанатына қала әкімі Серікбай Трұмов та қатысты.

Сонымен қатар, орталық директоры Әмірхан Құлбаев «ғимараттың жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен Т208 млн бөлінгенін атап өтті. Жөндеу жұмыстары жасалғаннан кейін қайта құрылған ғимаратта 32 кабинет, конференц-зал, 280 орынға арналған акті залы, ресурстық орталық, брейк-дэнс пен қазіргі заман билерін қамтитын би үйірмелері жасайды.  
Одан басқа, ұйымдастырушылар орталықтың міндетіне жастарды жұмысқа орналастыру, заң және бизнес-кеңестер беру де кіретінін айтты.  

adimage