Ақтауда жедел жәрдем бригадаларын планшетпен жабдықтауға ниетті

Ақтау. 16 шілде. ҚазТАГ  Ақтауда жедел жәрдем бригадаларын 20 планшетпен (электронды анықтағыштармен) жабдықтау жоспарлануда, деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Руслан Бектубаев.
«Планшетпен қамтамасыз ету мәселесі облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын болады. Депутаттар мәселені қолдайды деп ойлаймын», - деді Р. Бектубаев бейсенбіде.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Ақтау емханаларындағы дәрігерге қабылдауға электронды түрде жазылу бағдарламасын ендіру және 2016 жылы Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы мен Жаңаөзендегі терапиялық аурухана корпусының құрылыс мәселесі пысықталуда.
Р. Бектурбаевтың есептеуінше, Мұнайлы ауданындағы аурухананың пайдалануға берілуі Маңғыстау облыстық ауруханасына түсетін жүктелімді айтарлықтай жеңілдетеді.

adimage