Ақтауда желкен спортына балаларды көбірек тарту қажет, деп санайды ресейлік спортшы

Ақтау. 2 тамыз. ҚазТАГ – Ақтауда желкен спортын мектеп бағдарламасына кіргізе отырып, оған балаларды көбірек тарту қажет, деп есептейді Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері, яхта капитаны Сергей Бородинов.
«Негізінен Ақтауда желкен спортымен үлкен, қалыптасқан адамдар айналысады. Балаларға тиісті көңіл бөлмейді. Біз салауатты өмір салтына талпына алатын, ал оның орнына уақытын би алаңдары мен үй кіреберістерінде өткізетін жас буынды жоғалтып жатырмыз», - деді С. Бородинов.
Ол Францияны мысалға келтіріп, онда «барлық теңіз маңындағы мектептерде желкен спортынан сабақтар өткізілетінін» айтып өтті.
«Оқушыларды яхта клубтарына әкеледі, қайықтарға отырғызады да, желкен астында жүруге үйретеді. Және де басқа да көп елдерде мұндай бар», - деп атап өтті С. Бородинов.
Хабарланғандай, Ақтауда XXIV «Алтын Нактоуз» Каспий регатасы өз жалауын көтерді, оған 100-ге жуық адам (18 команда) қатысуда. Осы желкенді жарыстарға сәл уақытқа яхташы болғысы келген Ақтау тұрғындары да қатысып жатыр.
Ұрандары «Каспий – достық теңізі» мен «Экологиялық таза Каспий» желкенді регатасы бірнеше кезеңдерден тұрады: Ақтау су айдынындағы сайыс, Ақтау-Кендірлі-Ақтау бағыты бойынша сайыс және қала су айдыныдағы шешуші жарыс. Регата бір аптаға созылады. Жеңімпаздардың аттары 8 тамызда белгілі болады.
Сонымен қатар яхтсмендер әлемдік ірі желкенді жарыстарға қазақстандық командалардың қатыспайтынына қынжылады.
«Соңғы Олимпиадада Қырғызстан желкен спорты бойынша өз командасын қойды, ал Қазақстан жоқ. Бір жылдан кейін Рио-де-Жанейрода бүкіл таныстырылады, сол жайлы ойланатын кез келді. Бізде желкенді қайық спортын дамыту үшін барлық жағдай бар. Және де билік біздің күш-жігерімізге назар салып, Қазақстан құрамасын құруға арналған бастамамызды қолдауы тиіс. Бізге кайтсерфингпен айналысатын спортшылар жүгінеді. Бұл Олимпия ойындарының бағдарламасына қосылатын жаңа спорт түрі. Жігіттер желкенді спорт федерациясына кіргісі келеді, ал ол бізде жай ғана жоқ», - деп атап өтті жарысқа қатысушылар.

adimage