Ақтаудың тұрғын үйлерін жылуға апта соңына дейін қосады - әкімшілік

Күні: 18:55, 14-10-2014.

Ақтау. 14 қазан. ҚазТАГ – Ақтаудың тұрғын үйлерін жылу жүйесіне апта соңына дейін қосады, деп мәлім етті Маңғыстау облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасының бастық орынбасары Оспан Еңсегенов, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бүгінге 288 білім мекемелері, 97 денсаулық сақтау нысандары, 135 әлеуметтік нысан мен 1402 тұрғын үйлер  жылу қабылдауға дайын. Тұрғын үйлерге жылу беру апта соңына дейін жүзеге асады», - деді О. Еңсегенов сейсенбі күні.
Оның айтуынша, қалаға жылу беру үш күн бойына сыртқы ауа температурасы +8 градус болып тұрған сәттен басталады. Әзірге өтініш бойынша жылу беру ауруханаларға, перзентханалар мен басқа да әлеуметтік маңызды мекемелерге беріле бастайды.  
«Бізде барлық ескірген жылу желілерін алмастырудың үш жылдық жоспары бар. Биыл бірінші кезекті бастадық және 1200 метрді толығымен алмастырдық. Атап айтқанда, 5 және 1 ықшамауданда жылу желілері толығымен изоляцияланған құбырлармен алмастырылды», - деді О. Еңсегенов.


Жаңалықтармен бөлісу: