Ақтаулық театр ұжымы халықаралық театр фестивалінде Т1 млн сыйақылық жүлде алды

Күні: 10:09, 31-10-2014.

Ақтау. 31 қазан. ҚазТАГ – Орталық Азия елдерінің V халықаралық театр фестивалінде Т1 млн мөлшеріндегі сыйақыны Маңғыстау драма театрының ұжымы алды, деп хабарлады ұйымдастырушылар.
«Орталық Азия мемлекеттерінің тұрғындарының мәдени диалогын жақсартуға бағытталған осы фестиваль біздің облыс тұрғындарын театр өнеріне жақындауына септігін тигізеріне, мәдени алмасуға нық көпір болатынына сенімдімін», - деді Маңғыстау облыс әкімі Алик Айдарбаев.
Фестивальдің әділ қазылар алқасының төрағасы Талғат Теменовтың айтуынша, бұрындары фестиваль тек Алматы мен Астанада ғана өтетін.
«Фестивальді тұңғыш рет Каспийде өткізуді шештік. Бес күнде көптеген тамаша спектакльдер көрсетілді, қазылар алқасына оңай болған жоқ», - деді ол.  
Сөйтіп, Маңғыстау облысының мүсінше мен диплом және Т1 млн арнайы сыйлығы Жантөрин ат. Маңғыстау облыстық драма театрына тапсырылды.
Астананың жастар театрының актері Дәурен Серғазин «Ең үздік ер адамның рөлі» үшін Т100 мың сыйақы алды.
«Ең үздік әйелдің рөлі»  үшін осындай сыйлық Айнұр Бермұхамбетоваға берілді (Қуанышбаева ат. Қазақтың мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры).
Жантөрин ат. Маңғыстау музыкалық-драма театрының актрисалары Гүлнәр Зиятова, Бану Манкеева және Айнур Әбеновалар «Қосалқы пландағы ең үздік рөл» атауында жеңімпаз атанды. «Ең үздік актерлік дуэт» ретінде Аловудин Абдуллаев және Мехринисо Ходжибаева (Мұхаммаджанов ат. Хатлон музыкалық комедия театры) және Фарход Абдуллаев пен Мукаддас Халикова (Өзбек ұлттық академиялық драма театры) танылды. Олардың әрқайсына Т75 мың мөлшеріндегі ақшалай сыйлық тапсырылды.
«Үміт» сыйлығы Термечикова ат. Шу театрының ұжымына тапсырылды.
«Ең үздік актерлік ансамбль» ретінде Астрахан театрының үш актері танылды. Фестивальдың Т300 мың мөлшеріндегі гран-при жүлдесі қазақстандық театрларға: Астана қаласының жастар театры мен Қуанышбаева тетарының ұжымына тапсырылды. Т150 мың мөлшеріндегі сыйақы Башқұр театрына тапсырылды.
Фестивальге 9 театрдың ұжымдары - Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Қазақстан мен Тәжікстан театр ұжымдары қатысты. Фестиваль тұғыш рет Ақтауда өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: