Ағылшын Жоғары соты «WorldWideMinerals» дауы бойынша ҚР пайдасына шешім қабылдады

Алматы. 24 қараша. ҚазТАГ - Ағылшын Жоғары соты «WorldWideMinerals» дауы бойынша Қазақстан Республикасының пайдасына шешім қабылдады, деп хабарлады ҚР әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2020 жылдың 23 қарашасында Англияның Жоғары соты Қазақстан Республикасына қарсы «World Wide Minerals» канадалық компанияның және Пол А. Кэроллдың талабы бойынша осыдан бұрын шығарылған төрелік шешімнің (соның ішінде залал, пайыздар және сомалар бойынша мәніне қатысты) күшін жойды», - делінген хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, Англияның Жоғары соты 2020 жылғы 23 қарашада қазақстандық тараптың дәлелдерімен келісе отырып, Талапкерлерге ұйғарылған талап сомасы мен шығындарға қатысты шешімнің күшін жойып, оны төрелік трибуналға қайта қарауға жіберді.
Сондай-ақ, сот «World Wide Minerals Ltd» және П. Карролдан ҚР-ның пайдасына 350 000 АҚШ доллары көлемінде сот шығындарын өндіріп алу туралы шешім шығарды. Англияның Жоғары соты 1996 жылғы төрелік Заңның 68-бабының тәртібінде шағымдану процесіне байланысты Қазақстан Республикасына берілетін өзге де шығындардың сомасын қосымша бағалайды.

adimage