Ақылы жол жүру жүйесін Қазақстанның 11 мың ш. автожолына енгізу жоспарлануда

Күні: 12:13, 06-05-2019.

Алматы. 6 мамыр. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Ақылы жол жүру жүйесін Қазақстанның 11 мың ш. көлік жолына енгізу жоспарлануда, деп хабарлады индустия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.
«Жол жүруге арналған ақы төлеудің ашық жүйесі» жобасын жүзеге асыру жобаның республикалық маңыздағы автожолдардың 11 мың шақырымына енгізілуіне мүмкіндік береді», - деді Скляр дүйсенбідегі үкімет отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі таңда екі кезеңнен тұратын конкурстың өткізілуіне техникалық тапсырма әзірленуде.
«Мамыр айынан қараша айына дейін конкурстық рәсімдер өтеді, ағымдағы жылдың желтоқсанында шарт жасауды жоспарлап отырмыз», - деді министр.


Жаңалықтармен бөлісу: