Ағымдағы жылы ОҚО-да бақша дақылдарының, көкөністер мен картоп түсімі 2,3 млн тоннаны құрады

Шымкент. 18 қараша. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстанда бақша дақылдарының, көкөністер мен картоп түсімі 2,3 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылғыдан 250 мың тоннаға көп, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Көкөністердің, бақша дақылдары мен картоптың түсімі 2,3 млн тоннаны құрады, өткен жылмен салыстырғанда 250 мың тоннаға ұлғайған», - деп хабарлады сейсенбі баспасөз қызметінен.
Әкімдіктің мәліметінше, өңірде ауыл шаруашылық жылының қорытындылары шығарылды. Сөйтіп, Шымкентте ауыл шаруашылығы саласы жұмыскерінің Күніне арналған «Алтын күз-2014» іс-шарасының аясында ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесі өтті.
«20 ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші көрмеде ОҚО ауыл шаруашылығының жетістіктерін паш етті. Тағы бірнеше жүздеген адам ауыл шаруашылығы саласындағы жыл қорытындысын салтанатты түйіндеуге келді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Атап көрсетілгендей, көрмеде тек жергілікті өндіріс тауарлары ғана таныстырылған. «Бұл жеміс-жидектер мен көкөністер, шұжықтар, ірімшектер мен айран-сүт өнімдері және тағы басқа көптеген өнімдер», - деп нақтылады әкімдіктен.
Іс-шараға қатысқан өңір басшысы Асқар Мырзахметов атап өткендей, ОҚО ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі ағымдағы жылы Т340 млрд деңгейінде болжанып отыр.
«Биылдың 10 айы ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 288 млрд теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 12 млрд теңгеге көп. Жыл аяғына дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 340 млрд теңгеге жетеді», - деді ол.
Одан өзге, осы жылы облыста мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көрсеткіштері 3-7%-ға жақсарған. Әкімдіктен хабарлағандай, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспар асыра орындалған. 2011-2014 жылдар аралығында 28135 бас ІҚМ сатып алынған, бұл жоспарланғаннан 2 есе көп. Бүгінгі таңда 651 қожалық тұқымды өзгертуге қатысып жатыр. Осы бағдарламаның аясында 2015 жылы етті 3 мың тонна көлемінде экспорттау жоспарлануда, ал 2016 жылы – 5 мың тонна.
  
«Өңірдегі ауыл шаруашылықтың қайта өңдеу саласында ет өңдейтін 1 кәсіпорын іске қосылған, 3-еуі – сүт өндірісі бойынша және 2 кәсіпорын жеміс-көкөністі өнім өңдеу бойынша. Ақырында 122 млрд теңге сомасына қайта өңдеу мүмкін болды, бұл өткен жылғыдан әлдеқайда көп. Ауыл шаруашылық экспортының көлемі де 17%-ға ұлғайды. Ол 250 млн АҚШ долларын құрады», - деп толықтырды әкімдіктен.
Баспасөз қызметінен ОҚО-да негізінен картоп, көкөністер, бақша өнімдері, бидай, ұн, балық, өсімдік майы, құс еті мен мақта талшығы экспортталатынын еске салды.
Сондай-ақ А. мырзахметовтың көзге түскен аудандардың әкімдерін марапаттағаны хабарланады.
«Сайрам ауданы сүт пен жеміс-көкөністі өнім өндірісінде көзге түсті. Шардара ауданы «Сыбаға» бағдарламасын барлығынан үздік орындады. Мақтаарал ауданы мақта шаруашылығында мықты болды, Арыс – ет өндірісінде, ал Бәйдібек – сафлор өсіруде. Үздік бидай астығы Қазығұрт ауданында болды», - деп атап өтті ОҚО әкімі.
Мадақтама қағаздарды үздік шыққан өндірістік кооперативтердің, фермерлік және шаруа қожалықтардың жетекшілері де алды.

adimage