Ақышев Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Күні: 18:03, 28-02-2019.

Астана. 28 ақпан. КазТАГ – Данияр Ақышев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының өкімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалсын», - делінген бейсенбідегі Ақорда хабарында.
Еске салсақ, 25 ақпанда Назарбаевтың Ұлттық банк төрағасы Ақышевтың отставкасын қабылдағаны белгілі болды. Оны бұл қызметте Ерболат Досаев алмастырды.


Жаңалықтармен бөлісу: