Қабанбай батыр даңғылы мен Нұр-Сұлтандағы екі жолайрығын кеңейтуге Т95 млрд бөлінбек

Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Қабанбай батыр даңғылы мен Нұр-Сұлтандағы екі жолайрығын кеңейтуге Т95 млрд бөлінбек, деп хабарлады елорда әкімі Алтай Көлгінов.
«Сіздің тапсырмаңыз бойынша жол-көлік жүйесін жеңілдету бойынша бірқатар маңызды жобалар басталды. Үкімет Қабанбай батыр даңғылын сегіз жолаққа дейін кеңейту жобасын және Қорғалжын шоссесі мен Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының қиылысында салынатын көлік жолайрығы құрылысын қолдады. Алдын ала құны – Т95 млрд», - деді Көлгінов жұма күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген үкімет отырысында.
Оның айтуынша, қалада барлығы 100 км жол салынып, жөнделмек.
«Сонымен қатар, Ұлы Дала бойынша – Есіл өзені мен Нұра-Есіл арнасы арқылы өтетін екі көпір құрылысын аяқтау да жоспарлануда. Сіздің тапсырмаңыз бойынша Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылы бойымен жаңа керме көпір құрылысы басталады. Аталмыш үш көпір мен жолдардың құрылысы қаланың көлік логистикасын жақсартып, жолдарды жеңілдетеді», - деді елордалық қала басшысы.

adimage