Абай қаласында кәріз желілерін қайта құру жұмыстарына Т2,9 млрд жұмсамақ

Астана. 22 сәуір. ҚазТАГ – Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласының кәріз желілерін қайта құру жұмыстарына Т2,9 млрд жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Тапсырыс беруші – «Абай ауданының құрылыс бөлімі» ММ; атауы - работы по капитальному ремонту/реконструкции канализационных систем («кәріз жүйелерін күрделі жөндеу/қайта жаңарту бойынша жұмыстар», қазақша лотта атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - Абай ауданы, Абай қаласының кварталішілік кәріз желілерін қайта құру; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т2 906 679 233», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 9 сәуірде басталған, 24 сәуірде аяқталады.

Фото көзі: Ашық дерек көздерінен


adimage