«Тапсырыс беруші – «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ; атауы - автомобиль жолдарын ұстау бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - работы по содержанию автомобильных дорог областного значения и искусственных сооружений на них («облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын және олардағы жасанды құрылыстарды күтіп ұстау бойынша жұмыстар», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың қосымша сипаттамасы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т8 521 764 284», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 10 ақпан мен 17 ақпан аралығында өтеді.
«Облыстық автомобиль жолдарына және олардағы жасанды құрылыстарға ағымдағы жөндеу жұмыстары. Ұзындығы 1592,5 км және олардағы жасанды құрылыстар ҚР үкіметінің бұйрығымен бекітілген «Елорданың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауды қаржыландыру нормативіне» сәйкес белгіленді. Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы Абай ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға арналған сомалардың есебі «Орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық нормативтер мен бағалар жинағына» сәйкес есептеледі», - деп жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: gov.kz