Абайдың туған күні Қазақстандағы ресми мереке болып белгіленді

Күні: 19:37, 05-08-2020.

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ – Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күні Қазақстанда ресми түрде мереке күні болып белгіленді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына келесідей толықтыру енгізілсін: аталмыш қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: «22-1. Абай күні – 10 тамыз», - делінген сәрсенбіде ұсынылған үкімет қаулысында.
Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда дүниеге келген. 2020 жылы Қазақстан оның 175 жылдығын атап өтеді – ұлы ақынның мерейтойы мемлекеттік деңгейде аталып өтеді.
Еске салсақ, Абайдың туған күнін Қазақстандағы ресми мерекелер қатарына қосқалы жатқаны туралы ҚазТАГ ХАА 26 маусымда хабарлаған еді.


Жаңалықтармен бөлісу: