Ғабидолла Оспанқұлов Үкімет аппараты басшысының бірінші орынбасары болды

   Астана.26 қыркүйек.ҚазТАГ- Ғабидолла Оспанқұлов Үкімет аппараты басшысының бірінші орынбасары болды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
   "Үкімет қаулысымен Ғабидолла Абдуллаұлы Оспанқұлов Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды", - делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
   Оспанқұлов 2022 жылы – ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, оған дейін ҚР  Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарды.

adimage