Қабыкенов Қазақстанның индустрия вице-министрі қызметінен кетті

Астана. 15 наурыз. ҚазТАГ – Арыстан Қабыкенов Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Арыстан Кенжетайұлы Қабыкенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген жұмадағы хабарда.
Қабыкенов индустрия вице-министрі болып тағайындалғанға дейін ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары және Жапониядағы ҚР елшілігінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

adimage