Астана.28 наурыз.ҚазТАГ- Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды»,- делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
Бейсенбекұлы 2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарды, оған дейін 2019-2021 жылдары жеке және квазимемлекеттік секторда басшылық қызметтер атқарды, ал одан бұрын 2011-2019 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы, консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі және бөлім меңгерушісінің орынбасары.
«Бұрын осы лауазымды (Қаржы вице-министрі-ҚазТАГ) атқарған Татьяна Михайловна Савельева қызметтен босатылды»,- делінген хабарламада.
Абзал Бейсенбекұлы ҚР Қаржы вице-министрі болып тағайындалды
