Адам Хил: Ауғанстан бірегей өнімдердің экспорттаушысы атана алады

Алматы. 16 наурыз. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Ауғанстан Орталық Азияға 200-ден астам өнім түрлерін экспорттай алады: энерготасымалдаушылар, түрлі-түсті металдар, кілем өнімдері. Бұл ретте елде сауда тапшылығы бар және импорт экспорттан едәуір асып кетеді. Жағдайды өзгертіп қолда бар әлеуетті толығымен пайдалану үшін, шағын және орта бизнесті дамыту ғана жеткіліксіз, тарифтік кедергілерді алып тастау керек, кедендік және шекара рәсімдерін оңтайландыру, басқа елдермен транзиттік келісімді кеңейту керек, деп есептейді БҰҰ Азия және Тынық мұхиты Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) сауда және инвестиция бөлімшесінің сарапшысы Адам Хил. 

 - Сіз Ауғанстанның сауда әлеуетін қалай бағалайсыз және осы елдегі жағдай қазір қандай? 

 - Ауғанстан экономикалық және саяси трансформацияның өте маңызды кезеңін басынан кешіруде. Экономикалық және сауда интеграциясының қырлары өте маңызды. Ол кез келген ұзақ мерзімдік даму стратегиясы үшін өте маңызды. Ауғанстан өсу қарсаңында. Бірақ, келешектегі өсуді қамтамасыз ету өте күрделі, себебі халықаралық қауіпсіздік күштері әкетілуде, Ауғанстанға келіп тұрған донорлық көмек азаюда. Демек, Ауғанстан өңірлік интеграция мен саудадағы мүмкіндікті пайдаланып қалуы керек. Қазірше Ауғанстанда сауда тапшылығы бар, ал сауда негізінен бірнеше ғана сауда серіктестерімен шектеледі, демек, алда мүмкіндіктерді одан ары әртараптандыру қажеттігі бар, атап айтқанда, энерготасымалдағыштарды сатуда, шекара маңы және транзиттік саудада және т.с.с. Ауғанстандағы сауда саласының дамуына болжам айту өте қиын, себебі ол сыртқы айналаға өте тығыз байланысты, ал әлемдік экономика қаржылық дағдарыстан толық шыға қойған жоқ. Кейбір елдер оның салдарын әлі сезініп келеді, ол тауар бағаларында көрініс беруде. Сондықтан Ауғанстаннан тауар экспорты қалай дамиды деп айту күрделі. Бірақ сыртқы жағдайға қарамай, егер Ауғанстан өндірісін дамытып, бәсекелестігін арттыратын болса, ол экспортқа қолайлы мүмкіндігін пайдалана алады деп ойлаймын. 

 - Бүгіндері неліктен Ауғанстанның сауда көлемі мен экономикалық интеграциясы тым төмен?

 - Саудадағы елеулі кедергі тарифтік саясат болуы мүмкін. Егер біз орташа тарифтерге қарасақ, онда Ауғанстан мен Орталық Азия арасында тарифтерде айтарлықтай айырмашылық жоқ екенін көреміз, демек, ол саудада онша кедергі бола алмайды. Ауғанстан мен Өзбекстан арасындағы тарифтік айырмашылық 10%. Бірақ Ауғанстаннан экспортталатын және мұнда қымбат бағамен сатылатын жекелеген тауарларға баж салығы көп салынады. Атап айтқанда, ол мақта, кілем бұйымдары мен жемістер. Келешекте осы өңір ел үкіметтерінің тарифтік айырмашылықты азайту бағытында жұмыс атқарғаны маңызды болған болар еді. 

 - Бұл негізгілерінің бірі болғанымен жалғыз проблема емес қой? 

 - Тарифтік емес кедергілер бар. Олар, атап айтқанда, техникалық кедергілер, немесе санитарлық және фитосанитарлық стандарттар. Ол кедергілер тарифтік кедергілерге қарағанда көп ықпал етеді. Мысалы, фитосанитарлық және СЭС стандарттары әсіресе дамушы елдерге ыңғайсыз. Ауғанстан Орталық Азия елдеріне қарағанда дамымаған ел, сондықтан оның өндірушілері санитарлық нормаларды қамтамасыз етуде Орталық Азия елдері қажет ететін санитарлық нормаларды сақтай алмайды. Ол әсіресе аграрлық секторда көрініс беруі мүмкін. Ауғанстан ауыл шаруашылығының азық-түлігі санитарлық нормаларды онша сақтай алмайтындығы белгілі. Олардың экспортталатын тауарының санитарлық режімі сақталмайтындықтан ол тауарлар шекарада тежеліп қалады. Ол тез бүлінетін жеміс-жидектерге зиянын көп тигізеді. Азия даму банкінің (АДБ) зерттеулері ОАЭОР (ЦАРЕС) елдерінде фитосанитарлық және санитарлық нормаларды енгізуде қиындықтар бар екенін анықтады. АДБ бұл елдердегі санитарлық нормалардың ДСҰ-ның талаптарына сай келетіндей етіп үйлестіру керектігін анықтады. Жалпы алғанда Ауғанстан мен Орталық Азия елдерінің коммерциялық кәсіпорындарының арасында бірлесе зерттеу жүргізу керек, өзара саудада тарифтік емес қандай кедергілер барлығын анықтау үшін. Бұл шекара маңы саудада тарифтік емес кедергілерді жақсартарлық ірі зерттеулер болар еді. 

 - Айталық, тарифтік және тарифтік емес кедергілер жойылған. Ауғанстанда экспорттауға болатын тауарларының жеткілікті түрде кең ауқымды саласы бола ма? 

 - Ауғанстан мен Орталық Азия елдерінің экспорты қосымша құны төмен бірнеше тауар айқындамаларына байланысты. Тауар айқындамалары шоғырлануының индексі Орталық Азиядағыдай, Ауғанстанда да және экономикасы дамып келе жатқан елдерде де өте жоғары. Бұл ретте кез келген экономикалық стратегияның арқауы сауданың дамуы секілді, өнеркәсіпте де әртараптандыру болып табылады. Шетелдік инвестициялар мен жергілікті өндірісті дамыту үшін салықтық және басқа да стратегиялық жеңілдіктер ұсыну өте маңызды. Үкімет пен жергілікті кәсіпкерлердің өз елінің қажеттілігі және қоршаған елдер қажеттілігі негізінде бизнестің қай түрінің дамитынын нақты біліп алғандары маңызды. Экспорттық әртараптандыру ЖІӨ барынша жоғары өсімімен және сыртқы нарықтағы бәсекелестіктің аз деңгейімен байланысты, себебі елдер бірегей өнімдер шығарып жатыр. Экономика өзінің әртараптануын қалай қамтамасыз етеді дегенге келсек, экономиканың жаңа саласында әртараптанудың жайдан жай бола салмайтынын ескерген жөн. Елдер өздерінің өндірістік базасымен байланысты болса ғана өнімдерін қиыстыру көмегімен экономикасының қандай да бір саласын әртараптандыра алады. Басқаша айтсақ, әртараптандыру жартылай елдің өндірістік мүмкіндігіне байланысты. Ел бір өнім шығаруына болады, сосын - басқа өнім, сонда жаһандық өндіріс көзқарасынан осы өнімдер арасындағы байланысты түсінуге болады. Мәселен, бір ел майка шығарса, сосын майкамен қатар шалбар шығаруы да мүмкін. 

 - Сонда табысты әртараптандырудан кейін Ауғанстан қандай тауарларды экспорттауы мүмкін? 

 - Егер қандай тауарлардың экспорттық басымдығының барына қарайтын болсақ, біз (ЭСКАТО - ҚазТАГ) өнімдердің жаһандық картасын аламыз, елдің қазіргі өндірістік құрылымымен қандай өнімдердің тығыз байланысты екеніне қараймыз. Әртараптандырудың өз бетінше де өте маңызды екенін атап өткен жөн, дегенмен елдер де өнімдерін әртараптандырулары керек, ал ол барынша күрделі болып келеді. Кешенді өнім экономикасы барынша жоғары табысты елдерде өндірілетін өнімдер секілді анықталады. Ол өзіне өндірістің барынша күрделі технологиялық мүмкіндіктерін енгізуі керек. Талдаудың осы әдістемесін қолдану арқылы ЭСКАТО Ауғанстан үшін өнімнің 220 түрі бойынша мүмкіндіктерді анықтады. Бұл Ауғанстанның қазір өндіріп отырған өнімдері негізінде өндіре алатын заттары. Және оны өндіру қазіргі бар технологиясымен салыстырғанда барынша күрделі. Бұл әлеуетті жол картасы болуы мүмкін, яғни ол Ауғанстанның қазіргі мүмкіндіктері негізінде өндіре алатын өнімдері. Және бұл барынша жоғары қосымша құнын қамтамасыз ете алатын салаларға ел экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді. Тоқыма, түсті металл, пластик бұл қосымша құны барынша жоғары салалар. Нақты өнімдерге, мәселен қолғап, күртеше, пальто, сыртқы киім, жармалар, таңғы асқа арналған жармалар жатады. Өнімдердің бұл ұқсастығы сараптамалық статистикада қамтылғандай, ағымдағы өндіріске негізделген, (…) алайда бұл параметрлер ағымдағы өндірістік мүмкіндіктердің нақты сипаттамасы болып табылмайды. Сондай-ақ әлеуеті жоғары өнеркәсіп салалары да бар, мәселен, Ауғанстанда минералдар шығару, алайда бұл саланың өндірісі төмен және әзірге экспортқа шығару мүмкіндігі де жоқ. 

- Ауғанстандағы негізгі экспорттық тауарлардың бірі пайдалы қазбалар болып табылады. Егер дәл осы сала дамитын болса, бұл ауған экономикасын шикізаттық етпей ме? 

- Қазіргі таңда пайдалы қазбаларды өңдеу Ауғанстан ЖІӨ-сінің өте азғантай бөлігін құрайды, өйткені осы саладағы көп инвестициялық жобалар әлі толыққанды жұмыс жасамай жатыр. Сірә, пайдалы қазбалар экспортында Ауғанстанның үлкен әлеуеті бар шығар, бірақ белгілі бір тауарлардың экспортына аса тәуелді басқа да елдердің мысалынан көріп отырғанымыздай, бұл салмақты экономикалық салдарға ие болуы мүмкін. Сол себепті біз Ауғанстанға пайдалы қазбаларды өңдеумен қатар, өзге салаларда да экономиканы әртараптандыруға кеңес бердік. Біздің ойымызша, Ауғанстанның, мәселен, киім өндірісі, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнімдерін өндіру және т.б. қосқанда, секторлардың толық қатарында жақсы әлеуеті бар. Алайда барлық ұсынылатын өнімдер олардың Ауғанстанда шынайы өндірілуіне қатысты тексерістен өтуі тиіс. Солай болған соң, бұл болашақ талдауға арналған тек шыққан жері ғана. Егер бұған жеткілікті қызығушылық болса, осы өнімдер тізімін әрі қарай істеп бітіріп, нақты стратегиялық іс-шараларды жасап шығаруға болады деп үміттенеміз, ал оларды ауған үкіметі экономикадағы анықталған кейбір салаларды әртараптандыру үдерісін дамыту үшін қабылдай алады. 

- Ауғанстанның басты сауда серіктесі Пәкістан болып табылады. Бұл немен байланысты және ауған экспортының кеңеюі осы қос елдің арасындағы тауар айналымның ұлғаюын ғана білдіретін бола ма? 

- Ауғанстанның негізгі саудалық серіктесі Пәкістан болуы ол – географиялық орналасу орны және логистика деп ойлаймын. Пәкістан теңізге шыға алады, осылайша ауған тауарларын теңіз айлақтарына Пәкістан арқылы жеткізуге болады. Одан өзге, ауған тауарларын басқа саудалық әріптестерге жеткізу жолдары жеткілікті түрде дамымаған, бұл олардың Азияға және өзге де елдерге экспортын қиындатады. Оның Ауғанстанның ірі серіктесі болып табылатыны – оның географиялық орналасу орнының табиғи нәтижесі. Пәкістан арқылы тауар транзиттеу ауған бизнесі үшін өте маңызды және сондықтан да тауарлар мен адамдар Ауғанстаннан Пәкістанға, теңіз айлақтарына емін-еркін орын ауыстырып, ол жақтан кеңдеу нарықтарға шыға алуы үшін, транзит туралы келісімдерді жақсартуға жұмыс істеу аса маңызды. Сөйтіп, мысалы, Үндістан маңызды серіктестердің бірі атануы мүмкін. Ауғанстан кезігіп отырған проблемалардың бірі – жүк арбалар (фуралар) Үндістаннан Пәкістан арқылы Ауғанстанға келе ала ма, ал ауғандікі – Пәкістан арқылы Үндістанға. Сондықтан да Ауғанстанды үндістің нарығымен байланыстыру өте маңызды, себебі Үндістан ол – үлкен сауда әлеуеті бар зор нарық. Сол себепті транзит мәселелері шешілуі тиіс. Бүгінгі таңда Ауғанстан мен Пәкістан арасында ашық транзит туралы келісім бар, және расында Ауғанстан да транзиттік дәліз болып есептеледі. Оған Тәжікстанды және өңірдің өзге де елдерін енгізіп, бұл келісімді кеңітуге де болар ма еді. Жалғыз шекаралық қана емес, сонымен бірге трансшекаралық кең ауқымды сауда бар, атап айтқанда, газ құбыр желілері мен басқа да энергия желілері. Егер оларды дамытса, бұл, әрине, шағын және орта бизнесті дамытқаны секілді, Ауғанстанның дамуына қосалқы серпін береді. Дүниежүзілік банк кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру жеңілдігі жөнінен 189 елдің ішінен Ауғанстанды 183-орынға жайғастырды. Бұл не деген сөз? Ел дамуы үшін, шағын бизнесті дамытуды жақсарту қажет, өңірлік ынтымақтастықты кеңейтуге жеке сектордың қатысуын ұлғайтуға жеткілікті дәрежеде мән беру өте маңызды деген сөз. Белгілі бір рөлді кәсіпкер әйелдер атқаруы мүмкін. Бұл белгілі бір қолдауды қажет етеді. Шағын кәсіпкерлер арасындағы шекаралық қызметтестік, өкінішке қарай, мейлінше әлсіз сияқты көрінеді, бірақ әйел адамдардың кәсіпкерлігін дамыту кәсіпкерлік пен шекаралық сауданың дамуына жәрдемдесе алар еді. 

- Орталық Азия елдерімен саудаласу жөні қалай? 

- Орталық Азиямен ағымдағы сауда байланыстары айтарлықтай әлсіз, көп дегенде, экспортқа арналған белгілеу тармағы ретіндегі Орталық Азия тұрғысынан. Ауғанстанның Орта Азия елдеріне экспорты Ауғанстан экспортының жалпы көлемінің аз-маз үлесін алады. Кереғар бойынша, Орталық Азиядан импорт – әлдеқайда көбірек және, көп дегенде, Ауғанстан жалпы импортының төрттен бірін құрайды. Энерготасымалдаушылар – мұнай, газ және басқалар – айтарлықтай үлесті алып отыр. Шекаралық ұсақ сауда жиі ескерілмей жатады. Әдеттегідей, бұл Ауғанстан мен Орталық Азия арасындағы өзара іс-қимылдың өте маңызды аспектісі. Шекаралық сауда-саттыққа ауыл шаруашылық өнімдерін, жергілікті өндіріс тауарларын сату немесе тұтыну тауарларын ұсақ көлемде қайта сату кіреді. Шекаралық сауда шекара маңында тұратын халық үшін маңызды рөл ойнайды. Дегенмен Дүниежүзілік банк зерттеуі Өзбекстан және Тәжікстанмен болатын шекаралық сауданың негізінен екі БӨБ арқылы өтетінін анықтаған. Шекаралық сауда адамдар мен тауарлардың еркін қозғалысына қатысты кедергілердің кесірінен шектеулі болып қалуда. Ауғанстанның бүгінде соқтығып отырған проблемаларының бірі ол – шекаралық өткізу бекеттеріндегі іркілістер. Олар қағазбастылық, жүкті тексеру және т.б. салдарынан туындайды. Дәлірек айтқанда, бұл сол ағындарды оңтайландыруды қамтамасыз ету үшін келешек күш-жігерлерді тоғыстыруға болатын сала. 

- Қалайша? 

- Ауғанстан да, оның серіктестері де шекараны кесіп өту рәсімдерін жақсартумен жұмыс істеп, хабардар етіп, тауарлар шекараны жеңіл кесіп өте алуы үшін, үздік технологияларды, кедендік рәсімдерді ендіруге тиіс. Көлік құрылғысында аз тауармен шекараны кесіп өтуді жеңілдету, мысалы, шекаралық саудаға арналған визалық талаптарды шешу қажет. Осылайша, көптеген саудагерлер не әкеле жатқанын ашықтан-ашық көрсете алар еді және бұл оларды ресми секторға шығарып, ағымдағы сауда ағындары үшін үздік перспектива берер еді. 

- Егер Ауғанстандағы шекаралық және кедендік рәсімдер қарапайымдатылса, бұл есірткі трафигі мен заңсыз қару айналымының көлемін ұлғайтып жібермей ме? 

- Егер тауардың аздаған санын, мәселен, өздері өсірген ауыл шаруашылық өнімдерін тасып бара жатқан өнегелі азаматтар үшін шекараны кесіп өту рәсімін жеңілдетсе, онда кедендік органдар заңсыз қызметті бұлтартпауға көп уақыт бөліп, күн сайын шекарадан өнімнің аздаған көлемін шығаратын ұсақ саудагерлерге аз уақыт жұмсай алады. Сол себепті кедендік рәсімдерді жеңілдету заңсыз қызметпен тиімдірек күресуге мүмкіндік береді. 

- Кейбір мәліметтер бойынша, есірткі саудасы Ауғанстан экономикасының 15%-ын құрайды, ал апиын өндірісімен Ауғанстанда 410 мың адам айналысады. Еңбек ресурстарын осылай бөлу заңды экспорт өндірісінің көлеміне әсер ете ала ма? 

- Егер заңды секторда жұмыс жасауға арналған мүмкіндік жетерлік болса, ол адамдарды заңсыз қызметке тартуға қарсы әрекет ету болады деп ойлаймын. Жеке секторды дамыту және экономиканы әртараптандыру, менің пікірімше – адамдарды заңсыз заттардың өндірісі мен айналымынан іргені салыс салуға арналған ең жақсы тәсіл. 

- Сұхбатыңызға рақмет.

adimage