Адвокат Нұрлан РАХМАНОВ: KASPI BANK АКЦИОНЕРІ ВЯЧЕСЛАВ КИМ БАНК АКЦИЯЛАРЫН СОЛ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕКЕМЕ АҚШАСЫНА САТЫП АЛЫП ОТЫРҒАН

Алматы. 2 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Kaspi bankакционері Вячеслав Ким банк қызметі туралы заңға қарамай, банк акцияларын сол банк қаражатының өзіне сатып алып отырған, кейін алған құнды қағазадр үшін ақы төлеуін талап еткені үшін адвокат Андрей Деркунскийді, қаржыгер Владимир Цойды және ЖШС құрылтайшысы Алексей Щербуды бопсагершілік жасады деп айыптаған. Ол туралы ҚазТАГ агенттігіне В. Цойдың әйелі Наталья Цхай мен оның адвокаты Фарида Исмаилова және Нұрлан Рахманов мәлім етті. 

 

- Наталья, Сіздің күйеуіңізді бопсалаумен айналысады және жүгенсіз деп айыптайды. Айыптаушылардың пікірінше, ол неден көрінеді?

 

Наталья Цхай: Менің күйеуім мен оның досы Андрей Деркунский «FantАзия» ЖШС атынан Вячеслав Кимнен ақша бопсалаған-мыс.

 

Фарида Исмаилова: Ақша бопсалау бойынша істің бірінші эпизоды FantАзиякомпаниясымен байланысты болған. Ол кәсіпорынды кезінде Ким ұйымдастырған, кейін қарыздарымен бірге сатып жіберді. Бұрын FantАзия ЖШС Каспийский банкінің акционері болған. Компанияда проблемалар туындағанда, Ким ол акцияларды арзан бағамен сатып алған. Бірақ мәміле жабылмағаны себепті ол ақы төлемеген. Мәміле қосымша келісіммен жабылуы тиіс болатын. Бірақ бүгінге қосымша келісім жоқ. FantАзияда не акцияны қайтарып беру, не ақысын төлеу туралы талап туындады. Бірақ бұл мәселені ол бейбіт жолмен талқылаудың орнына Ким бірден полицияға жүгінеді.  Оның шағымы негізінде оперативтік-іздестіру шаралары жүргізіледі. FantАзия мен Ким арасында қарым-қатынасты реттеу туралы келісімге қол қойылған күні FantАзия иелерін қамауға алады. Володя ұсталған күні сонда болғандықтан, Андрей сұраған мөрді әкеледі де сол арқылы ол Андреймен ымыралас болып шыға келеді-мыс.

 

 

Нұрлан Рахманов: В.Ким бір кездері FantАзиякомпаниясының құрылтайшысы болады,олар үш адам болып осы компания құрады. Кейін құрылтайшылардың екеуі істен алшақтап, Ким ғана қалады. Кейін құрылтайшылар құрамына жаңа адам қосылады. Компания Каспийский банктен несие алады. Ол ақшаға Ким банктен акцияларды жеке өзіне және FantАзия ЖШС-ке сатып алады. Кейін жалған адамдарға рәсімделген осы акцияларды Ким бір жерден сатып алу-сату келісімімен немесе алмасу туралы келісіммен сатып алады-мыс. Ол акциялар үшін ақысын төледім, екінші рет төлеу керек емес деп есептейді. Ал ол акциялар үшін біреуіне 697 теңгеден төлеген, бірақ сол кезде акциялардың біреуі  3,5 мың теңге тұратын. Осыдан келіп 15 млн доллар айырмашылық туындайды. Банк істері турал заң мен акционерлік қоғам туралы заң банк акцияларын сол банк ақшасына сатып алуға тыйым салады. Ал бұл акциялар дәл осылай сатып алынған.

 

- Наталья, Владимирді ұстап, қамау сіз үшін күтпеген жағдай болды ма, әлде бұрын да оны полицияға шақырған ба еді?

 

Наталья Цхай: Бәрі күтпеген жерден болды. Түнде сағат 10-дар шамасында есікке қоңырау шалынды. Онда Володя мен бір топ адам тұрды. Мені қызым екеумізді бөлмеге қамап қойып, тінту басталды. Мен ордерді көрсетуін сұрадым, маған тек Володяға айып тағылғаны туралы құжатты ғана көрсетті.

 

Фарида Исмаилова: Іс материалдарында тінту жүргізуге прокурор санкциясы бар. Бірақ оны олар Натальяға көрсетпеді, ал олар оны көрсетуге міндетті тұғын.

 

Наталья Цхай:  Олар санкцияны көрсетпеді. Және кейін олар маған тінту кезінде нелер алынғаны туралы құжат тастап кетуі тиіс еді. Олар маған тиесілі үй құжаты мен біз жинаған 14 мың доллар қаражатты алып кетті. Одан басқа түк те жоқ тұғын. Мен олар не іздегенін білмеймін. Бірақ олар Володяны ешнәрсе айтпастан алып кетті. Оны алдымен 3 күнге кейін 10 күнге қамауға алды.

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта мен де кедергілерге тап болдым. Мен судьяға келіп, мені Володяның қоғамдық жақтаушысы ретінде тағайындауын өтінген өтінішіміді тастап кеттім. Ондағы мақсатым мен Володяға кездесуге еркін келіп тұруым үшін. Ол маған бұл турал сотта менің жеке өзім мәлімдеуім керек деді. Мен мәлімдедім, судья менің өтінішімді қанағаттандырды. Мен осы құжаттарды алып кетуге келгенімде хатшылар одан бейхабар болып шықты. Мен судьяны қабылдауын өтініп, ерте келіп, оның кабинетіне қабылдауына сұрандым, бірақ ол мені қабылдамады. Ақыры мен дау шығарған соң ғана ол қаулыны маған берді. Ол барып тұрған масқаралаушылық!

 

 

 - Наталяға қандай мерзім ішінде қаулыны беруі тиіс еді?

 

Фарида Исмаилова: Бірден. Және біз судьяны алмастыру туралы өтініш беруге себеп болған бір жәйт осы еді.

 

- Ал жүгенсіздік туралы эпизод ше? Онда мүлдем басқа компания туралы - «Планета Электроники»ЖШС туралы айтылады.

 

Нұрлан Рахманов: 2012 жылы 29 маусымда Владимир Цойға Кимді бопсалаған деген айып тағылады. Прокурор 30.06.12 ж. ол қаулыны – айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыны алып тастады, себебі  Владимир Цойдың Кимге қатысты әрекетінде ешқандай қылмыс белгілерін таппады.

Бұл ретте прокурор оны 10 күнге қамауға алу туралы өзінің келісімін береді. Кейін адамды бостандыққа шығармау үшін 2009 жылы бопсалау туралы тақырыпты шығарып, жүгенсіздік танытқан дегенге аусады. Ол кезде 2009 жылғы оқиғалар бойынша В. Цойға қатысты эпизод күдіктінің тұлғасын сипаттайтын материал ретінде өтетін. Және осы эпизод негізінде оны 10 тәулікке қамайды, кейін ол оны қамауда ұстау мерзімін ұзартуға негіз ретінде алынады. Дәл осы кезеңде, 30 маусым мен 5 шілде аралығында, оған жаңа айып тағылады, сонда алғаш рет 2009 жылы В. Цой «Планета Электроники» ЖШС жетекішлерінен өзінің мүліктерін қайтарып беру туралы талап қоюын бопсагершілік жасаған-мыс деген мәлімет пайда болды.

 

 

2013 жылы 29 тамызда судья «Планета Электроники» ЖШС жетекшілерін өз бетімен кетушіліктен зардап шегушілер деп таныған кезде ғана соттың өзі қылмыс дерегі орын алған-мыс деп мойындады. Егер осы уақытқа дейін зардап шегушілер болмаған болса, демек қылмыс та болмаған ғой. Және мұның барлығын сот прокурордың айтуымен тергеу органдарының техниклық қателігі деп түсіндірді. Қаржы полициясы тексерген қылмыстық іс бойынша, «Планета Электроники» ЖШС директорларының процессуалдық ахуалы түсініксіз болатын. Не олар куәлар, не зардап шегушілер. Егер олар куәлар болса, оларға қатысты қылмыс жасалмаған, ал егер олар зардап шегушілер болса, оларға қатысты қылмыстық әрекет жасалып, ол тергеуді қажет етеді.

 

- Владимир Цойдың  «Планета Электроникиге» қандай қатысы бар?

 

Наталья Цхай:  Менің күйеуім полиграфиялық қызметпен айланалысатын компанияда қаржылық директоры болып қызмет істеді, және Слава Ким одан жиі консультация алып тұратын. Ким ұзақ уақыт Владимирді «Планета Электроникиге» жұмысқа шақырды. Володя барғысы келмегенімен, кейін келісті. Ол сол компанияда істеп, қаржылық мәселелермен айналысып жүргенде компанияға өзінің бар ақшасын – 3 млн долларын салды. Компания өрге көтеріліп, Володя дивидент түрінде тағы 3 млн-дай доллар ақша тапты. Осыдан кейін Волояға кетуіне тура келді.

 

Фарида Исмалилова: Оны кетугше мәжбүр етті. Ол В. Цойды ескертпестен басқа кеңсеге кетуге тура келді. Ол жұмысқа келгенде кеңседе жалғыз екенін көреді. Ол өзінің серіктестерін телефон арқылы іздестіре бастағанда, олар оған енді мұқтаж еместіктерін және ол істен босағанын айтады. Оны «лақтырып» жіберген. Ал ол компания дамуына өзінің ақшасын салғаны себепті сол ақшасын қайтарып беруін өтінген. Олар одан бас тартқан соң, ол адвокат Деркунскийге жүгінеді. Ол «Планеты Электроники» башылығымен келіссөздер жүргізіп және Владимирге келісім жасауды ұсынады. Балансты шығарып, сомасын есептеп, «Планета Электроники» Владимирге ақша қарыз екендігін растайтын келісімге қол қояды. Ол келісім бар. «Планеты Электроники» директорлары сотта Владимирге қарыз екендерін растап, бірақ оған ақшасын әлі қайтарған жоқ. Енді, В. Цойға қарыз екендерін растаған сол адамдар В.Цойды өз ақшасын кері қайтарып беруін талап еткенінін жүгенсіздік танытып отыр деп айыптайды.

 

-Яғни Цойдың талабының заңдылығын растайтын келісім бар. Онда неге одан жүгенсіздік танытқан деген айып алынып тасталмаған?

 

Фарида Исмалилова: Ол Владимир оларға Ресейдің қылмыстық беделдісі Хасан атамен сес көрсетіпті-мыс дегенмен негізделіп отыр. 

 

 

В.Цой «Планета Электроники» директорларына олардың қарыздарын Хасан атаға сатып жібердім депті-мыс. В. Кимнің қауіпсіздік қызметі бұл ақпаратты өз арналары арқылы тексеріп, және ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының (ҰҚКБ) бір қызметкері шынымен де Қазақстанда Хасан атаның адамдары жүргенін, олар «Планета Электроники» директорларының біреуі Талғат Қадыровты іздеп жүргенін, оны қаланың сыртына ұрлап әкетіп, ақшасын қайтарып берулерін талап етпекші екен деген мәліметті растайды.

Іс материалдарында Владимирдің Киммен сөйлесуінің оперативтік жазулары бар. Ол әңгімеде Владимир өз ақшасына сатып алып, компания атына рәсімдеген автокөлік туралы, сол көлікті тартып алып өте жағымсыз іс жасағаны туралы айтады. Ал Ким оны әр кезде де арандатып «Ата қайда?» деп сұрап отырады. Володя қандай ата туралы сөз болып отырғанын түсіне алмайды.

 

Наталья Цхай: Сотта олардан («Планета Электроникидің» директорларынан - ҚазТАГ) қатер туралы олар қайдан естігендерін сұрағанда, олар біреудің айтқандарына сілтемелеп, ал олардың жеке бастары ондаймен ұшыраспағанын айтады.

 

- Егер ҰҚКБ Хасан атаның адамдары Қазақстанда қылмыс жасайын деп жүргенін білсе, неге оларды ұстамаған?

 

 

Нұрлан Рахманов: Осы дұрыс сауал! Ол аз десеңіз, бұл поперативтік мәлімет құпия болып табылады. Құқық қорғау орган қызметкерлері қылмыс дайындалып жатқанын біле тұра ешқандай шара қолданбаған. Неге ол дерек еш жерде тіркелмеген? Ол туралы ішкі істер органдарына қатысы жоқтар қайдан біледі? Бұл сауалдар компания қауіпсіздік қызметіне, Кимнің өзіне қойылды. Олар бұған дұрыс жауап бере алмады.

 

Наталья Цхай: Неге олар сол кезде полицияға өтініш жасап, өздеріне сес көрсетіліп жатқандарын айтпаған, енді келіп, үш жылдан соң сотта олар қорқатындарын айтып отыр.

Фарида Исмаилова: Мен қауіпсіздік қызметінің бастығынан В, Цойға ақша берілген (мыс) соң не болды деп сұрағанымда, ол құқық қорғау органдарындағы өзінің дереккөзінен тағыда сұрап, ал олар Хасан атаның адамдары Қазақстаннан кетіп қалды, енді қауіп жоқ деп айтты деп жауап берді

 

- Наталья, ал сіздің күйеуіңіз Хасан атаны немесе басқа да қылмыстық топ өкілдерін аузына алды ма?

 

Наталья Цхай: Мен Хасан ата туралы сотта алғаш рет естідім. Менің күйеуім ғылым докторы. Біз 22 жылдан бері бірге тұрамыз. Осы жылдары ол бір рет те дауыс көтерген емес, ешкіммен ұрыспаған, оның қолынан ондай келмейді! Ол оған қарыз болып қалғанда не істерін де білмей қалды.

 

- Сіз тергеу мен сот барысында «Планета Электроникидің»директорлары өздерінің айтқандарынан бірнеше рет өзгерткенін айттыңыз. Олар бұрын айтқандарын толықтырып тұрды ма әлде мүлдем басқа ойлар ма?

 

Нұрлан Рахманов: Тергеу барысында олар қарызды жартылай жапқанын, ол үшін несие алғанын айтты. Сотта Кимнің өзі қарызды Володяға толығымен нақты ақшалай 6 млн доллар төлегем деп айтқан соң, олар өздерінің айтқандарынан тайып, қарыздарды Ким өтеген деп айтты.

 

Наталья Цхай: Онда қиюласпай жатқан жерлері тым көп. Ким «Планета Электроникидің» директорларының Володяның алдындағы қарыздарын өтегем деп мәлімдеді. Ал Володя ақшаны өзі берген-мыс деген Кимнің күзет бастығына сауал қойып, ол сома қандай көлемде және салмағы қандай еді деп сұрағанда, ол оны білмейтін болып шықты. Олардың өтірік айтып тұрғаны айдан анық.  

 

- Көрсетулерді қанша рет бұруға болады?

 

Фарида Исмаилова: Зардап шегушілер де, куәлар да сот барысында жалған көрсетулер бергені үшін жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертіледі. Яғни, адам алдымен былай десе, кейін оны өзгертсе, ол өтірік айтып тұрғаны айдан анық.

 

- Мұның барлығы таза мүлікке қатысты дау сияқты. Неге оны азаматтық сотта қарамады?

 

 

Фарида Исмаилова:  Сот олардан осыны анықтауға тырысты. Олар біздің құқық қорғау және сот жүйесіне сенбейтіндіктен ешкімге жүгінбегенін айтты.

 

 

Нурлан Рахманов: Ал енді олар неге қазір құқық қорғау органдарына жүгініп отыр деген сауалға Қадыров, досы Вячеслав Кимнің басына ауыртпалық түскенін, оған жол бермеу керектігінен деп түсіндірді. Осыдан келіп 2009 жылғы жүгенсіздік эпизоды шығады.

 

 

- В.Кимқандай зардап шекті?

 

Фарида Исмаилова: Сотта Кимнен оған қандай шығын келді деп сұрағанда, ешқандай шығын келмегені анықталды. Шағым материалдық сипатта емес. Судья Кимнен оның талабы неде деп сұрағанда, ол ешқандай да, таза адами талаптар деп жауап берді.

 

 

- Наталья, Кимнің талаптары таза адами талаптар екен, ол осыны қандай да бейбіт жолмен шешуге талпынып көрді ма?

 

- Володя маған жақында түрмеден қоңырау шалып, маған Слава (В. Ким – ҚазТАГ) қоңырау шалатынын және мен оның айтқанындай істеуім керектігін айтты. Слава маған телефон шалып, менің қазір Володяны қорғап жүрген адвокаттардан бас тартуым керектігін, сөйтіп біз оның айтқан адвокатын алуымыз керектігін, сонда адвокаттың жаңа позициясының арқасында Володя кем дегенде биылғы желтоқсанда, ал жақсы дегенде тамыз айында түрмеден босайтынын айтты.

 

- Ал егер талап жоқ екен, егер Ким Володяның түрмеден шыққанын қалайды екен, неге сотта В. Цойға деген ешқандай кіна тақпайтынын айтпасқа?

 

 

Фарида Исмаилова:  Заң жүзінде олай етуге болады. Және біз де оны сұрадық, оқшаулау шарасын үй қамауына алмастыруды сұрадық. Бірақ сот қазір олай істеу мүмкін еместігін, себебі істі алқа билері қарап жатқанын, және ол сот тергеуі аяқталған соң ғана кеңес бөлмесінде шешілуі мүмкіндігін айтты.  

 

Наталья Цхай: Тергеу абақтысында оның жағдайы нашар. Оны біресе ана, біраесе мынау камераға алмастырады. Ол онда адам өлтіргендермен бірге отыр.

 

- Тергеудегі адамды сотталғанмен бір камераға отырғызуға бола ма?

 

 Фарида Исмаилова: тергеуде отырған адам мен үкімі заңды күшіне енген адам және сотталған адамдар әр кмерада отырулары тиіс.

Владимирді қылмыстық беделге ие болғысы келетін адам, яғни қылмыстық әлемдегі «тырысушы» статусына ие сотталушылардың камерасына жатқызды. Әлгі адам В. Цойға ерлер арасындағы жыныстық сипаттағы фотосуреттер көрсетіп, оған фотомонтаж жасайтындығын, және одан кейін бәрін Кимнің айтқанындай жасауға келіспесе, Владимирді зорлап, «түсіріп тасталғандардың» камерасына жатқызатынын айта бастайды. Судья тергеу абақтысына хабарласты. Бірақ одан кейін Володяны суицидтер орын алған камераға ауыстырды.

Владимирді Хасан атамен байланысты болды, яғни ол одан көмек сұрады деген мойындау түсініктемелерін жазуға мәжбүрлейді. Алайда бұл құжаттың «атауы» да, оның қолы да жоқ. Одан бөлек, оны 6 млн долларды қайтаруды талап етуден бас тартамын, ал өзімнің мүлкім, әйелімнің мүлкін, ата-аналарымның мүлкін көрсетілген тұлғаларға аударамын деген сөз беруге мәжбүрледі.

 

Наталья Цхай: В. Ким егер біз бәрін ол айтқандай жасамасақ, Володяны 15 жылға отырғызатынын айтты.

 

- Сұхбатыңызға рахмет! 


adimage