Адвокат СЕРІК СӘРСЕНОВ: ЧЕЛАХТЫҢ СОТ ІСІНДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕССТІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ БҰЗЫЛДЫ

 

Алматы. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. 11 желтоқсанда сот шекарашы Владислав Челахты оған тағылып отырған барлық айыптар бойынша айыпты деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қолдану туралы үкім шығарды. Адвокат Серік Сәрсеновтың пікірінше сот барысында көптеген бұзушылықтарға орын беріліп, істі жан-жақты қарауға мүмкіндік бермей, В. Челахтың қорғалу құқығын бұзылды. Ол өзінің бұл ұстанымын ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында төмендегідей негіздейді.  

 

- Серік Қамбарұлы, Владислав Челахқа шығарылған үкімді сіз қалай бағалайсыз?

 

- Үкімді заң талабына сай деп еш тану мүмкін емес. Ол алдын ала заң талабына сай болмады деп айтуға болады. Мен хаттама жүргізіп отырдым, сонда төрағаның барлық заң бұзушылықтары көрініс тапқан. Қылмыстық-процессуалдық кодексті 2-ші тармақ – «Қылмыстық процесстің міндеті мен қағидалары» бар, мұны барлық процесске қатысушылар басшылыққа алулары тиіс. Судья ол қағидаларды толығымен бұзып отырды.

 

- Қандай екенін санап бере аласыз ба?

 

- Заңдылық қағидасын да, кінәсіздік презумпциясы қағидасын да, істі қараудың толықтығы мен жан-жақтылық қағидасын да, қорғалуға деген құқық қағидасын да, білікті заңгерлік көмек алуға деген қағидасын да, қылмыстық процессте тараптардың теңдік қағидасын да  судья бұзды. Негізгі қағидаларды судья толығымен процесс барысында елемеді. Яғни, судья өзі қылмыс жасады, себебі ол қылмыстық жауапкершілік қарастырылған әрекетке – алдын ала заңға сай емес үкім шығаруға барды.

 

- Бірақ сіз оған қарсы шағым бересіз ғой?

 

- Судья әлі үкім мәтінін де тапсырған жоқ. Ол 5 күн ішінде оны тапсыруға міндетті. Маған ең бастысы, судья қандай уәждер келтіргенін көру, ол қандай дәлелдерге сілтемелегенін, ал қандай сәттерді мүлдем ескермегенін және назардан тыс қалдырғанын көру маңызды. Маған соны кәсіби тұрғыдан көру және оқып танысу маңызды, себебі олар жинаған айыптылықты дәлелдейтін база негізінде бір нәрсені ойдан шығарып қана айыптау үкімін шығаруға болады. 

Мен өзімнің аппеляциялық шағымымда заңгерлік тұрғысынан заңдарға сілтемелеп, олардың уәждерінің быт-шытын шығарамын, ал сіздер кейін жоғарғы сот сатыларының қандай шешім шығаратынын көресіздер. Ол осы бұзушылықтардың барлығына баға бере ме, әлде жоқ па? Мен олардың ешқандай да баға бермейтінгіне кепіл бере аламын, себебі жоғарғы сотта менің келтірген уәждерімді теріске шығаратындай ешқандай заңгерлік уәждері болмайды. Және осының барлығы «жабуыл қазан» күйінде қалады да, үкім өзгеріссіз қалады. Мәселенің сорақылығы осында!

 

- Аппеляциялық шағым қашан дайын болады?

 

- Мен шағымым дайын болғанда, оны жария етемін, адамдар оны оқып көрсін. Шағым 12 күнен соң дайын болады, себебі оны ешнәрсені мүлт жібермей, мұқият жазу керек. Мен оның жоспарын дайындадым, және оған кіруі тиісті сәттерді көрсеттім. Онда соншама материалдар бар! Жоспарда менде шамамен істің 30 тұстары бар және олардың әр қайсысын жазуға жарты бет керек.

 

- Процесс барысында бұзылған негізгі тұстарын ғана атап кетіңізші

 

 - Судья өз билігін асыра пайдаланды. Айталық, заңда сот отырысында барлық заттай айғақтарды қарау керек деп айтылған. Оларға (сот пен айыптыларға –ҚазТАГ) керектерді – Челах алып кеткен және зардап шеккендердің туыстары таныған заттарды біз көрдік. Ал мен сұраған басқа заттай айғақтарды – гильзаларды, автоматтарды, жәшік есігін, төсектердің имек тұтқаларын т.б. көрсетуден судья себепсіз бас тартты. Немесе, айталық, судья оған (В. Челахқа – ҚазТАГ) адвокат тағайындау туралы қаулы шығарады, ал онда екі адвокаты бар, бірақ олар науқастанып қалған. Заң бойынша ол 5 тәулік күтуі керек еді, егер біз 5 күнен соң шықпасақ, Челах пен оның туыстары бізден бас тартқан болса, ол басқа адвокатты шақыртуға немесе адвокаттар коллегиясы арқылы бізді жазалауға құқығы бар еді. Ал біз 29-да аурып қалсақ, судья 30-да басқа адвокат тағайындайды.

 

- Заттай айғақтардан басқа куәгерлердің айтқандары бар ғой?

 

- Мен куәгерлерге іске байланысты сұрақтар қойдым, казармадағы терезелердің көлемі, рамалардың түрі, еденде тесіктердің болған-болмағаны туралы, сарапшыға жасалған қорытындылардың мерзімі мен ғылыми негіздемесіне қатысты сұрақтар қойдым, ал судья ол сұрақтарды алып тастады. Заң бойынша оның алып тастауға құқығы жоқ, оның ондай құқығы жоқ. Бұл билікті асыра пайдалану емес пе?

 

- Сот процессі барысында Сіз осы себептер бойынша бірнеше рет өтініштер мен наразылықтар білдірдіңіз. Барлығы қанша болды?

 

- Процесс барысында 45 өтініш түсірдім. 45 өтініштің ішінен ол 2-еуін қанағаттандырды - бір өтініш сот процесін бейнеге түсіру туралы және екіншісі келудің нақты уақытын анықтау үшін келу тіркелген Алакөл АІІБ оқиғаларды тіркеу кітабын сотта талап ету және шолу туралы. Ол үш өтінішті жартылай қанағаттандырды - оқиға орнын қарау хаттамаларының бейнежазбаларын көру туралы өтінішті мен түсірген едім. Ол бәрін қарауға болмайды, тек адамдардың мәйіттері талыған жерлерін ғана көруге болатынын айтты. Қалған 40 өтінішті қанағаттандырмай тастады.

Сосын мен заңсыз әрекеттерге қарсы 10 немесе 11 наразылық білдірдім, мен ол бас тартқан әрбір өтініш бойынша наразылық білдіре алатын едім, өйткені ол 40 бас тартудың біреуін ғана түсіндірді. Заң бойынша ол өтінішті қанағаттандырудан бас тартудың себебін түсіндіруге міндетті.

Менің өтініштерімді қанағаттандырудан негізсіз бас тарта отырып, ол маған адвокаттық қызметімді жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Сондықтан мен және Челах оған қарсы қылмыстық іс қозғау туралы арыз жаздық. Жауап әлі жоқ, ешқашан болмайды. Сондықтан мен ол қылмыс жасады деп есептеймін, бұл - менің пікірім. Челах судьяны қылмыскер деп атағанда, ол шынын айтты. Заң білмейтін адамның өзі процестің қалай өтіп, не болып жатқанын көріп отыр. Мен заң бойынша не болуға тиіс екенін оған түсіндіріп бердім.

 

- Прокурор да Сіздің өтініштеріңізді негізсіз деп атады …

 

- Сіз прокурордың өтініштерге айтқан пікірін тыңдаңызшы. Ол сотта жаттап алғандай, бір сөзін қайталай берді «Сәрсеновтың өтініші негізсіз». Неге негізсіз екенін айтпайды. Неге? Өткені оның жоққа шығаруға заңды дәйегі жоқ. Сол себепті Сәрсенов заңды бұрмалайды, нормаларды бұрмалайды деп айтады. Ал бұрмалаудың қандай екені, нормаларды қолданудағы қателік туралы үндемейді!

 

- Сонда Челахты ақтаушы үкім шығарылады деген мүмкіндік те болған жоқ дегеніңіз бе?

 

- Үкім алдын ала дайындалған, шешім алдын ала қабылданған. Бәрі алдын ала белгіленіп қойылса, түк те өзгермейтін еді. Сот тергеуінің барысы да осыны көрсетіп отыр, жағдайдың сот тергеуі басталғанға дейін шешіліп қойғанын дәлелдеп отыр. Судьяның заңды тікелей бұзған әрекеттері де оған заң бұзуға индульгенция берілді. Менің пікірімше, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының сот жүйесі - халықтың денесіндегі іріңдеген жара. Мен осы сөзімді сұхбатта қалдыруыңызды талап етемін. Мені сотқа берсін, беріп көрсін. Мен дәлелдеп, нақты мысалдар келтіремін! Конституцияның 83-ші бабын («Прокуратура мемлекет атынан … жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады …» - ҚазТАГ) және 76 бабын («Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды ... мақсат етiп қояды - КазТАГ) оқыңыз. Оқыңыз, сонда менің сөзімнің дұрыс-бұрыстығын, ашынуға себептің бар-жоқтығын түсінесіз.

 

             - Сұхбатыңызға рахмет!


adimage