Астана. 27 ақпан. ҚазТАГ - Аграрлық мәселелер жөніндегі мәжіліс комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды, деп хабарлады ҚР парламенті мәжілісінің баспасөз қызметінен.
«Бүгін палата Берік Оспановты аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы етіп тағайындады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Қазақстан президентінің ҚР ауыл шаруашылық министрі етіп тағайындау туралы жарлығына сәйкес мәжіліс депутаты Сапархан Омаров қызметінен мерзімінен бұрын кетті.
Бұған дейін Б. Оспанов мәжілістің аграрлық мәселесі жөніндегі комитет мүшесі болған еді.
Еске салсақ, 25 ақпанда президент С.Омаровты ҚР АШМ басшысы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Ол 2016 жылдың 25 наурызында VI шақырылымдағы мәжіліс депутаты болды, сонымен қатар аграрлық мәселелер жөніндегі палата комитетін басқарған.
Аграрлық мәселелер жөніндегі мәжіліс комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды
