Air Astana Мәскеуге ұшып шыққан ұшақтың Нұр-Сұлтанға қайта оралу себебін атады

Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ – Air Astana Мәскеуге ұшып шыққан ұшақтың Нұр-Сұлтанға қайта оралу себебін атады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Биікке көтерілу барысында дабылқаққыштың дисплейінде тербелістің артқаны және №1 қозғалтқыштағы шығатын газдың температурасының көтерілгені туралы хабарлама пайда болды. Экипаж қозғалтқышты аз газ режиімне ауыстырды, қозғалтқыш параметрлері рұқсат етілген шекке көшті», - деп хабарлады сәрсенбіде әуекомпаниясының баспасөз қызметінен.
Әуетасымалдаушы ұшақтың қонуы штаттық режимде өткенін жеткізді.
«Барлық жолаушыларға тамақ пен жатын орын берілді, сонымен қатар Шереметьево әуежайында рейсті күтіп тұрған жолаушыларға да жағдай жасалды. Тоқтатылған рейс жолаушылары Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге бүгін сағат 8.05-те Boeing 767 әуе кемесімен КС 893 тұрақты рейсімен ұшып кетті. Қазіргі таңда техникалық қызметкерлер ақауды іздестіруде», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 21 мамырда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитетінде Air Astana авиакомпаниясының Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге бет алған КС 873 рейсті ұшағының техникалық себептерге байланысты әуежайға қайта оралғанын хабарлаған еді.

adimage