Air Astana Шереметьевода ұшақтың арбаға соғуына байланысты тексеруді бастады

Күні: 17:19, 24-09-2019.

Астана. 24 қыркүйек. ҚазТАГ –Air Astana әуе компаниясы Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұшақтың жүктерді тасымалдауға арналған арбаға соғуына байланысты тергеу амалдарын бастады, деп хабарлады әуетасымалдаушының баспасөз қызметінен.
«Қазіргі таңда әуе компаниясы аталмыш оқиғаның мән-жайын тексеруде», - делінген сейсенбіде таратылған хабарламада.
Оқиға 23 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 9.23-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 12.23) Мәскеу-Нұр-Сұлтан бағытына жолаушылар отырғызылып жатқанда орын алған.
«Соққы әуе кемесінің оң қозғалтқышының ішкі бағыттаушы аппаратының (ІБА) ішкі қаптамасына тиген. Аталмыш әуе кемесін тексерген инженерлер келтірілген ақаудың болар-болмас екенін айтып, бортқа ұшуға рұқсат етілген. Рейс 53 минут кешіктірілген», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: