Air Astana Т7 млрдқа жуық айыппұл салынды

    Астана.9 маусым.ҚазТАГ- Air Astana әуе компаниясына 7 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды , деп хабарлайды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.
   "Сұраныс жоғарылау кезінде әуе билеттерінің бағасы (жазғы демалыс кезеңі) көтеріліп жатқанына халық наразылығын білдіруде. Сондықтан Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көлік прокуратурасымен бірлесіп, Air Astana әуе компаниясының қызметіне тексеріс жүргізді. нәтижесінде Air Astana әуе арқылы тасымалдау нарығындағы үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері анықталған. Компания әрбір билет бағасынан жанар-жағармайдың төлемін негізсіз өндіріп алған. 2023 жылғы 8 маусымда Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Air Astana әуе компаниясына 6,7 миллиард теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды", - деп толықтырды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен.
   Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

adimage