Air Kazakhstan 2015 жылғы ІІ тоқсанда тұғыш рет әуеге көтеріледі

Күні: 13:13, 29-10-2014.

Астана. 29 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Air Kazakhstan әуекомпаниясы өзінің алғашқы рет ұшуын 2015 жылы ІІ тоқсанда іске асырады, деп мәлім етті сәрсенбі күнгі брифингте ҚР инвестиция және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек.
«Қазір олар әуе кемелерін сатып алу процедураларын жүргізуде. Олар кесте бойынша 2015 жылдың ІІ тоқсанында алғаш рет ұшулары тиісті», - деді Ж. Қасымбек брифингте.
Бұрындары Air Kazakhstan 2015 жылы көктемде ұшуларын бастайды деп хабарланған.
«Әуекомпаниясы Q400 маркалы 10 ұшақ сатып алып, 2015 жылы көктемде алғаш рет ұшуларын бастайды», - деген бұрындары компания президенті Нұржан Шакиров.
Air Kazakhstan басшысы компания негізінен Астана, Алматы және Атырау бағытында ұшатынын айтқанды.
Еске салсақ, биылғы ақпан айында Қазақстан президенті Н. Назарбаев Bombardier компаниясының президенті Пьер Бодуэнмен кездесіп, ішкі рейстерді орындайтын отандық тағы бір Air Kazakhstan компаниясын ашу жоспары туралы ой бөліскен.


Жаңалықтармен бөлісу: