Алматы. 27 маусым. ҚазТАГ – Үлкен Алматы көліне барар жолда машина жыраға түсіп кетті, соның салдарынан бес адам зардап шекті, деп хабарады агенттік тілшісі.
«Toyota Land Cruiser 200 Үлкен Алматы көлінен түсіп келе жатқан, және алдын-ала нұсқа бойынша тежегіші істен шығып, көлік жыраға түсіп кеткен. ЖКО салдарынан бес адам зардап шекті. Барлығы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады бейсенбіде «ҚазТАГ» ХАА тілшісіне жүргізші.
ЖКО себептерін ары қарай анықтаумен полиция айналысады.
ҮАК-не баратын жолда машина жыраға түсіп кетті; бес адам зардап шекті
