АКМ Атыраудағы мемпәтерлерді «Хабар» және «Қазақстан» РТРК акцияларын төлеуге береді

Астана. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Атыраудағы мемлекеттік пәтерлерді ақпарат және коммуникация министрлігі «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының акцияларын төлеуге береді, делінген үкімет қаулысында.
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен заңнамада белгіленген тәртіппен:1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мүлік "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге;2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық мүлік "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорацисы" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін», - делінген құжатта.
Қосымшаға сәйкес, «Хабар» акцияларын төлеуге Атырау, «Нұрсая» ықшамауданы, 70 үй (№29 пәтер) мекенжайы бойынша орналасқан алаңы 56,4 шаршы метр пәтер беріледі. Ал «Қазақстан» РТРК акциясын төлеуге сол ықшам ауданда орналасқан бірақ №65 үйдегі (№49 пәтер) алаңы 63,8 шаршы метр құрайтын пәтер беріледі.
Бұдан басқа, АКМ «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі»  АҚ акциясын төлеуге 200-ден астам мүлік атауы берілген – бұл кеңсе жиһазы, оргтехника, бағдарламалық қамту.
Үкімет қаулысы 7 желтоқсанда қабылданып, күшіне енді.

adimage