Активтерді қайтару жөніндегі мемкомитет есебі тексерілмейді, сондықтан біз өз комитетімізді құрамыз – Күрентаев

Алматы. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Активтерді қайтару жөніндегі мемлекеттік комитет есебінің дұрыстығын тексерудің мүмкін еместігіне байланысты қоғамдық комитет құру туралы шешім қабылданды, деп мәлімдеді «Ескі Қазақстан құрбандары» қозғалысының белсендісі Жарқын Күрентаев.

«Біз комитет ұсынып отырған есептердің толық емес екенін көріп отырмыз, және оларды қандай да бір құпиялылық деңгейінен қайта тексеру мүмкіндігі де жоқ. Ал қоғамның активтердің қайтарылуына сұранысы болғандықтан, біз өзіміздің қоғамдық комитетімізді құрып жатырмыз», - деді Күрентаев Ұлттық баспасөз клубындағы баспасөз мәслихатында.

Қоғамшылдар активтер туралы дәлелдер жинап, оларды мәжіліс депутаттары мен құқық қорғау органдарына беруге ниетті. Күрентаевтың айтуынша, қазіргі таңда қоғамдық комитеттің жұмысында сондай төрт кейс бар, оның бірі Алматыдағы Hilton қонақ үйі. Оны қоғамшылдардың пікірінше олигарх Қайрат Сатыбалды заңсыз иемденген және ол мемлекетке емес, заңды иесіне қайтарылуы тиіс.

«Capital Bank таратылғанға дейін «Заңгер» коллекторлық агенттігіне «Қазаэроғарыш» мемлекеттік мекемесінің Т14 млрд тұратын мүлкін берді, оның Т10 млрд мемлекетке қайтарылды, қалған Т4 млрд жоқ болып кетті. Құқық қорғау органдары Hilton қонақ үйіне қатысты мемлекеттік-мыс мүддені алға тартса, Т4 млрд мемлекетке қайтарғысы жоқ», - деді Күрентаев.

Сот үкімімен Қазақстан экологиясына келтірілген залалы үшін Т2,67 млрд өтемақы төлеу керек болған Orient Gold компаниясына келсек, Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты бұл соманы Т770 млн дейін төмендеткен.

«Яғни мемлекетке Т1,9 млрд қайтарылған жоқ. Десек те компаниядан жауапкершілікті ешкім алып тастаған жоқ», - деп түсіндірді Күрентев.

Сонымен қатар, белсенділер Игорь Кузнецовтың KIMEX, «Грация» дүкендер желісін және «Бла-Бла Бар» барын да тексеруді ұсынып отыр. Қоғамшылдардың пікірінше, олар да басқа бірқатар құрылымдар секілді жүздеген миллион теңге салықтан жалтарған болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, белсенділер Қарағанды облысындағы Бапы кенорнын Bapy Mining компаниясына 2030 жылға дейін беру жағдайы да күмән туғызады деп санайды.
«Біздің комитеттің жедел ақпары бойынша, Абуов мырза бұл кен орнын «Қазкомнан» алған», - деп атап өтті белсенді.

Бұл іспен, қоғамшылдардың айтуынша, АҚШ-қа қашып кеткен және Қазақстан мен Ресейде іздеу жарияланған ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтың күйеу баласы Азамат Капенов байланысты. Белсенділер атап өткендей, олар бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған, алайда ақырында ол қашып кетті, ол туралы қандай да бір ақпарат үшін Т20 млн сыйақы белгіленген.

«Сонымен, барлық осы төрт кейс қазіргі таңда бір ғана нәрсені білдіреді, осы төрт кейс бойынша мемлекетке Т10 млрд астам қайтарылмаған, одан көп та болуы мүмкін. Енді қазір активтерді қайтару жөніндегі комитет депуттардың, президент әкімшілігінің, бас прокуратураның, тергеу органдарының алдына осы кейстерді алып, оларды зерделеуді бастауды ұсынады», - деді қоғамшыл.

Бұл ретте, ол атап өткендей, шын мәнінде оны қайтару механизмі өте қарапайым.

«Енді, қалай және оны кім жасайды. Тіпті бізді қолдамайтын депутаттар да. Олар енді бізден қашып, тығылатын шығар деп ойлаймын. Себебі бұл жерде мәселе тек қана мемлекеттік активтер туралы емес. Жақында бір саясаткер айтқандай, еліміздің түбіне халықтың ашу-ызасы емес, олигархтар мен шенеуніктердің әрекеті жететін шығар», - деді Күрентаев.

adimage