Акция басталғалы бері Маңғыстау облысының тұрғындары капиталды заңдастыруға 21 өтініш берді

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ – Маңғыстау облысының тұрғындары капиталды заңдастыруға барлығы 21 өтініш берді, деп мәлім етті ҚР қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Мүліктерді заңдастыруға келіп түскен өтініш саны жағынан көш басында Алматы облысы мен Алматы қаласы келеді (сәйкесінше 1039 және 1012). Үшінші орында Ақтөбе облысы (373 өтініш). Ең соңғы орында, бұрынғысынша, Маңғыстау облысы – акция басталғалы мұнда капиталды заңдастыруға 21 өтініш келіп түсті», - делінген сейсенбі күні таратылған ҚР қаржы министрлігінің 13 қазандағы мәліметтерінше.  
Жергілікті атқару органдарының комиссияларына мүлікті заңдастыруға барлығы Т34 635,5 млн сомалық 4047 өтініш келіп түскен. Олардың ішінде жылжымайтын мүлікті заңдастыруға Т33 312,5 млн сомалық 4866 нысан заңдастырылуға берілді.
«Заңды тұлғалардағы қатысу үлесін заңдастыруға Т1323 млн сомалық 16 өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытқа Т1923,1 млн сомалық 212 нысан заңдастырылды», - делінген хабарда.
Баспасөз қызметінің мәлім етуінше, 21 қыркүйектегі мәліметтер бойынша ҚР аумағынан тыс жердегі мүліктерді заңдастыруға салық органдарына өтініштер келіп түскен жоқ. ҚР Ұлттық банкінің есебі бойынша 10 қазанға екінші деңгейлік банктер ақшаларды заңдастыруға жалпы сомасы Т1699,3 млн болатын 12 сақтандыру шоттарын ашты, олардың ішінен сақтандыру шоттарынан  Т372 млн алынып, ақшаларды жария етуден бюджетке Т37,2 млн кіріс түсті.
Еске салсақ, 1 қыркүйектан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес капиталды заңдастыру басталды. Заңға мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы 30 маусымда қол қойды.

adimage