Акылбек Ихданов ҚР ОСК мүшесі болып сайланды

Астана. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – Оксана Скибан. ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары сәрсенбі күні ҚР орталық сайлау комиссиясы (ОСК) мүшесі қызметіне Ақылбек Ихдановтың кандидатурасын мақұлдады.  
«Құрметті депутаттар, ҚР Конституциясының 57 және 58 баптарына сәйкес парламенттің әр палатасы ОСК мүшесін сайлайды, олардың кандидатураларын палата төрағалары ұсынады.  Соған байланысты Ақылбек Ихдановтың кандидатурасын ұсынамын», - деді сәрсенбіде мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин.
«Егер қарсылық болмаса, мәжіліс регламентіне, заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті  палатасының  бюро шешіміне сәйкес ұсынылған кандидатура бойынша қорытынды дайындау тапсырылды», - деді ол.  
Мәжілісмендер ұсынылған кандидатурамен бірауыздан келісетіндерін білдірді.  
Еске салсақ, А. Ихданов осыған дейін «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратын басқарған.  

adimage