Алғашқы білім берудің жаңа стандарты ғылыми тұрғыдан бағаланбаған, деп мәлімдеді Бекшин

Күні: 13:20, 18-11-2014.

Астана. 18 қараша. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Мемлекеттік білім стандартының бастапқы сыныптарға арналған жаңа жобасы ғылыми тұрғыдан бағаланбағани және қауіпті, деп есептейді Қазақстан бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
«Шынымен де парламент мәжілісінің әлеуметтік даму комитетінің ұсынысы бойынша министрлік (ғылым және білім министрлігі – ҚазТАГ) белгілі жұмыс - оқу жүктемелерін сәйкестікке келтіруді жүргізілді. Оны олар жасады. Бірақ, біздіңше, олар бізге оқу үдерісінің ауырлығы жөніндегі өздерінің пайымдауларын бермеді. Оны олар істеген жоқ», - деді Ж. Бекшин сейсенбі күні ҚР парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бастапқы білім беру мәселелер жөніндегі отырысында.
Оның айтуынша, БҒМ жаңалықтар енгізудегі өкілетті орган болып табылады, бірақ «осы елеулі жұмыс» ғылыми бағалаусыз жүруде.
«Біз қандай қауіп барлығын айта алмаймыз! Біз барлығы да ойын форматында үйретіліп  жатқанын көріп отырмыз. Ол тамаша. Бізде кеңестік дәуірден қалған алты жастағыларды оқыту тәжірибеміз бар, онда ұйықтатуды да қарастырған жекелеген блоктар бар. Онда да осының барлығы режимде болатын. Қазір біз орта білім берудің стандарттарын қайта қарауымыз керек, қандай факторлар қауіпті, және оны болдырмау үшін не істеу керек тұрғысынан. Меніңше, осы жұмысты бірінші кезекте талап ету керек, ұсынылып отырған пилоттық жобаға ғылыми баға беру керек», - деді  Ж. Бекшин.
Оның айтуынша, күнделікті жүктемені ескеру керек.
«Тіпті 1 сыныптан біз білеміз, базалық оқу жүктемесі – 45 минттан, бірақ бірінші сыныптарда баспалдақты әдіс қолданылады. Яғни бірінші тоқсан – 35 минуттан 3 сабақ. Одан ары: 2 тоқсан 4 сабақ 35 минуттан – артып отырады. Осыны сақтап отыру керек... Мұның барлығын бағалау керек», - дейді еліміздің бас санитарлық дәрігері.  
Өз кезегінде білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманәлиев бұл жұмыстың жүргізіліп жатқанын айтты.
«Біз қатарласа осы жұмысты жүргіздік, сондықтан біздің нормативтік-құқықтық құжаттарымызды Ресей Федерациясына, гигиена институтына бердік. Және біз оған оң баға берген қорытынды алдық. Бізде біздің ғалымдардың зерттеулері болмай қалды», - деді ол.
Қазақстан бас дәрігері вице-министрдің пікірін теріске шығарды.
«Жоқ, бізде осы тұрғыда ғылыми әлеуетіміз бар. Бізде де гигиена және эпидемиология институты бар, дәл солар балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы  бойынша маманданады. Біздің ғылымдардың әлеуетін пайдалану керек еді. Қазір ол үзіліп қалған. Біздің мамандар қатыспаған. (...) Біздің санитарлық қызметтегі аумақтық департаменттегі базаларды көтеру керек еді, бәлкім олар үзіп-жарып жасалған зерттеулер шығар, бірақ біз оларды да көрмедік. Біздің отандық ғалымдарымыз да оған баға берулері керек», - деп тұжырымдады Ж. Бекшин.


Жаңалықтармен бөлісу: