Қала бақтарында тегін Wi-Fi үшін 2015 жылы Шымкент бюджетінде Т2,5 млн қарастырылады

Шымкент. 11 қараша. ҚазТАГ – Қала бақтарында тегін Wi-Fi үшін 2015 жылы Шымкент бюджетінде Т2,5 млн қарастырылады, деп хабарлады «Шымкент жастары» МБ директоры Абзалбек Үбелтаев.
«Қала бақтарында тегін Wi-Fi үшін 2015 жылы Шымкент бюджетінде Т2,5 млн қарастырылады. 10 желтоқсаннан бастап тегін интернет өшіріледі және оны қайтадан тек сәуір айында ғана қосады. Осы аралықта профилактикалық жұмыстар жүргізіледі», - деді сейсенбі күні А. Үбелтаев.
2014 жылғы шілдеде Шымкенттегі алты бақта тегін интернет жұмыс істеді. Күн сайын онымен 3 мыңдай адам пайдалана алды. Арнайы жабдықтар орнату мен абоненттік төлемдер үшін жазғы-күзгі маусымға қалалық бюджеттен оған Т8 млн бөлінді.

adimage