Алматы. 26 қараша. ҚазТАГ – 21 қарашада парламенттің жоғары палатасының кулуарында сенатор Қайрат Қожамжаров бұрынғы қол астындағы қызметкері Олеся Кексельге қарсы тергелуші Нәбиевтің жәбір көргендігі туралы арызы бойынша қозғалған қылмыстық істі ішкі істер министрлігі жауып тастады деп мәлімдеді. Алайда 20 минуттан кейін Қазақстанның ІІМ «қаржы полициясы» мен бас прокуратураның экс-басшысы Қожамжаровтың сөзін теріске шығарды. Кейін министр Тұрғымбаев ведомствосының мәліметін тағы бір мәрте нақтылады - Кексельге қатысты іс жалғасып жатыр. Әлбетте күш құрылымдары өздерінің бұрынғы әріптестеріне қатысты іс туралы жиі ақпарат бермеуші еді. Генерал Қожамжаровтың командасы тергеліп жатқан азаматтарға қатысты заңсыз қабылдаулар жүргізгендері туралы тергелушілер тарапынан бірнеше мәрте айыпталған еді.
Кексель де моральдық қиындықтар мен күш көрсетулерді басынан өткерер ма екен, сұрақ күйінде қалып отыр.
Фото көзі: Карикатура – М.Нурмуханбетов/КазТАГ